Жаңалықтар

Қонаев қаласында академиялық қалашық салынып, оған 4 жоғары оқу орны көшіріледі

Фото: Ашық дереккөздерден

Қонаев қаласында «Қонаев академиялық қалашығы» салынады. Оның құрылысына халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржы тартылады деп жоспарланып отыр. Осыған орай «Өзара ынтымақтастық туралы» үшжақты меморандумға қол қойылды.

Меморандумға Алматы облысы әкімдігі, ҚР Ғылым және жоғарғы білім министрлігі, «Qonayev Academic Campus» Fund» комерциялық емес ұйымы басшылықтары қол қойды. Атап айтқанда құжатқа облыс әкімі М.Е. Сұлтанғазиев, министр С.Нұрбек және Қордың директоры Ж.Рахмани қол қойды.

«Қонаев академиялық қалашығын» салу Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023-2024 жылдар аралығында қалашықтың толық инфрақұрылым жүргізіп, халықаралық ұйымдар мен инвестициялық қорлардан қаржылар тарту жоспарланған. Сол инвестициялардың негізінде 2024-2027 жылдар аралығында еліміздің төрт университетін осы жерге көшіру жоспарланған. Содан кейін шетелдік төрт университет тағы ашылады. Артынша ғылыми-зерттеу орталықтары мен зертханалар, жатақханалар мен қонақ-үйлер салу жоспары бар.

Еске сала кетсек, 9 тамыз күні Қонаев қаласының Бас жоспары бектіліп, күшіне енді. Бас жоспарға сәйкес Қонаев қаласы Алматы облысының заманауи көпфункционалды әкімшілік, қаржы және мәдениет орталығына, өнеркәсіптік-инновациялық орталыққа, Алматы агломерациясының инновациялық-индустриялық белдеуіне және азық-түлік белдеуіне айналмақшы. Сонымен бірге қала болашақта мұнай өңдеу, газ өңдеу және мұнай-химия, көлік-логистикалық, әскери-өнеркәсіптік, ғылыми-білім беру, туристік,су рекреациясы және су спорты, туризм, аңшылық және балық аулау орталығы болады деп жоспарланып отыр.

Жоспар бойынша қалада халықаралық әуежай мен мұнай өңдеу зауыты салынуы тиіс. Сонымен бірге Бас жоспар бойынша қала ауасын таза ұстау мақсатында қоныстану аймағында орналасқан үш құс фабрикаларын – «Алатау Құс» ЖШС, «Агро Фит Қапшағай» ЖШС, «Agro Food» ЖШС және «Қапшағай Бидайөнімдері» ЖШС-і Солтүстік өнеркәсіптік аймаққа көшіріледі деп жоспарланып отыр.