Ресей мұнай экспортын қысқартты

Жарияланды
Россия сократит нефтедобычу в марте на 500 тыс. баррелей в сутки
Фото: архив kursiv.media


1 қыркүйектен бастап Ресей сыртқы нарыққа мұнай жеткізуді тәулігіне 300 мың баррельге шектейді, ал Сауд Арабиясы өндірісті өз еркімен тәулігіне 1 миллион баррельге қысқартуды үшінші ай қатарынан ұзартады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

«Ресей нарықты теңгерімге келтіру жұмыстарының бір бөлігі ретінде экспортты тәулігіне 300 мың баррельге қысқартуды жалғастырады», – деді премьер-министрдің орынбасары Александр Новак тамыз айының басында.

Кейінірек ол мамыр-маусым айларындағы орташа деңгей халықаралық нарықтарға жеткізілімдердің қысқаруына негіз болғанын түсіндірді.

«Біз қысқартуды өткен айларға қатысты қамтамасыз етеміз», – деді ол.

Осылайша, Ресейдің қыркүйектегі мұнай экспорты тамыз айымен салыстырғанда тәулігіне 200 мың баррельге артуы тиіс.

Новак бұған дейін экспорт азайған кезде өндірісті қысқарту туралы шешімді компаниялардың өздері қабылдайтынын атап өтті.

Өз кезегінде Сауд Арабиясы қыркүйекте мұнай өндіруді тәулігіне 1 млн баррель деңгейінде ерікті түрде қысқарту мерзімін ұзартады. Бұл шешімді алғаш рет Корольдіктің Энергетика министрі ханзада Абдулазиз бен Салман маусым айының басында ОПЕК+ министрлерінің кездесуінде мәлімдеді. Осылайша, Сауд Арабиясындағы мұнай өндіру үшінші ай қатарынан тәулігіне 9 млн баррель деңгейінде болады.

ОПЕК+ негізгі өндірушілерінің қосымша шектеу шаралары аясында соңғы екі айда мұнай бағасы өсе бастады. Қазіргі уақытта «қара алтын» бағасы барреліне орта есеппен 86 доллар деңгейінде. Бұл Сауд Арабиясының шілдеде өз еркімен өндірісті шектеуге бел буған кезбен салыстырғанда 10 долларға жоғары.

Сондай-ақ оқыңыз