Тайфун салдарынан Гуандун мен Гонконгта жүздеген рейс тоқтатылды
Фото: shutterstock.com
Қытайдың оңтүстік-шығысындағы Гуандун провинциясы мен Гонконгта «Саола» тайфунының жақындауына байланысты әуе қозғалысы тоқтатылды. Сонымен қатар кәсіпорындар мен мектептер жұмысы шектелді, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.
Қытай метеорологиялық орталығының хабарлауынша, «Саола» жұма немесе сенбі күні Гуандун жағалауына жетіп, Гонконг пен Макаоға әсер етуі мүмкін.
Жергілікті уақыт бойынша 10:55-те Гуандундағы Чжухай және Шэньчжэнь әуежайларында жүздеген рейс тоқтатылды. Провинция билігі жергілікті уақыт бойынша жұма күні сағат 20:00-ден 18:00-ге дейін теміржол қозғалысын тоқтатқанын хабарлады.
Шэньчжэньде кәсіпорындар мен базарлар уақытша жабылды.
Қала билігі тұрғындарды үйден шықтауға шақырды. Бейсенбі күні түстен бері Шэньчжэньдегі мектептерде жұмыс істемейді.
Cathay Pacific Гонконгқа және одан шығатын барлық рейстер жұма сағат 14:00-ден сенбі күні 10:00-ге дейін тоқтатылғанын хабарлады. Тайфунның қозғалысына байланысты рейстердің уақыты өзгеруі мүмкін.
Сонымен қатар, қауіпсіздік мақсатында Гонконг-Чжухай-Макао көпіріндегі көлік қозғалысы шектелді. Көпірдің қашан ашылатыны туралы әзірге ақпарат жоқ.
Тайфун жақындаған сайын ауа райы жағдайы құбыла түседі деп болжануда.
Метеорологтар су басу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Кейбір аудандарда су деңгейі қалыпты толқын деңгейінен шамамен үш метр жоғары болады.
«Саола» эпицентрінде желдің жылдамдығы 200 км/сағ жетеді. Тайфун 1949 жылдан бері Гуандунға соққан ең күшті бес тайфунның бірі болуы мүмкін.
Осы аптаның басында аталған тайфун Филиппинен өтті. Зардап шеккендер туралы мәлімет жоқ. Елдің солтүстік бөлігінде жаңбыр жауып, бірнеше ауылды су басып, 50 мың адам қауіпсіз жерге көшірілді. Филиппинде «Саоланың» кесірінен жүзден астам үй зардап шекті.