Тасымалданып жатқан қазақстандық мұнай – Энергетика министрлігі Польшамен арадағы дауға қатысты пікір білдірді
Қазақстан мұнайын Ресей Федерациясынан Германияға жеткізу бойынша Польшамен дауға қатысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі түсініктеме берді.
«2022 жылдың маусым айынан бастап ҚМГ Каспий құбыр консорциумы жүйесін қоспағанда, Ресей арқылы транзитпен өтетін және халықаралық нарықтарға жеткізілетін қазақстандық мұнайына қатысты айтар болсақ, Қазақстаннан жаңа «KEBCO» (Kazakhstan Export Blend Crude Oil) брендін енгізді. Бұл қазақстандық мұнай», делінген министрліктің хабарламасында.
Министрліктің хабарлауынша KEBCO маркасы Еуроодақ нарығына Атырау-Самара мұнай құбыры және Транснефть құбыр жүйесі арқылы Балтық теңізіндегі Усть-Луга порты арқылы немесе Қара теңіздегі Новороссийск порты арқылы жеткізіледі. Одан әрі теңіз арқылы ЕО-ға аттанады.
«Нәтижесінде құбырдан алынатын мұнай қазақстандық және ресейлік мұнай қоспасына айналады. Қазақстандық мұнайға шығу тегі туралы сертификаты және Қазақстан Республикасында берілген кедендік декларациясы қоса беріледі. Бұл құжат Қазақстаннан құбырға түскен мұнайдың қанша көлемі экспортталатынын анықтау үшін пайдаланылады. Ресейдің көлік жүйелері арқылы Усть-Луга және Новороссийск порттары арқылы тасымалданатын қазақстандық KEBCO мұнайының сапалық сипаттамалары өзгерген жоқ және URALS мұнай брендінің техникалық сипаттамаларына ұқсас. Бұл жүйеде Транснефть тасымалданатын мұнай сапасы мен химиялық құрамының тұрақтылығын қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.
Еске сала кетсек, Польша зертханалық зерттеулер барысында «қазақ мұнай кен орындарынан» деп белгіленген шикізаттың химиялық қасиеттері ресейлік қоспамен бірдей екенін анықтаған болатын.