Зеленский Украина Президенттігіне екінші рет үміткер болуға дайын екенін мәлімдеді
Украина президенті Владимир Зеленский келесі Мемлекет басшысының сайлауында өз кандидатурасын ұсынуға дайын екенін мәлімдеді. Бұл туралы саясаткер Португалияның RTP телеарнасына берген сұхбатында айтты.
Владимир Зеленский Украинаны тастап кетпейтінін атап өтті.
«2024 жылы, соғыс жалғасын тапқанына қарамастан, сайлау өтетін болса, мен ешқашан мемлекетімді тастамаймын. Өйткені мен Конституцияның кепілімін және оны бәрібір қорғаймын», – деді Зеленский.
Сонымен бірге, ол Украина заңнамасы соғыс жағдайында сайлауға тыйым салатынын, бірақ заңдарға өзгерістер енгізуге жол бергенін атап өтті.
Сонымен қатар, президент шетелде жүрген Украина азаматтарының дауыс беру мүмкіндігін қамтамасыз ету қажеттігін атап өтті.
«Мен бәрі заңды және ашық болғанын қалаймын», – деп атап өтті Зеленский.