Пхукетте 18 жастағы Қазақстан азаматының денесі табылды. Бұл туралы Zakon.kz хабарлады.
Таиландтық құтқарушылар Пхукет аралында теңізден 18 жастағы азаматтың денесін тапты. Бастапқыда ресейлік дескен марқұм Қазақстан азаматы болып шықты, деп хабарлайды ТАСС.
Бұл туралы Пхукеттің туристік полициясы Facebook-те жазды.
Полиция жұма күні аралдың солтүстігіндегі Най Янг жағажай аймағында туристің жоғалып кеткені туралы жазған еді. Жергілікті билік оны ресейлік турист болуы мүмкін деп хабарлаған. Турист жоғалған күні бірден іздеу-құтқару шаралары қолға алынды, алайда қатты толқындар мен нөсер жаңбырға байланысты іздеу жұмыстары тоқтатылды.