Үндістанда күнді зерттейтін алғашқы автоматты станса сәтті ұшырылды

Жарияланды

Бенгал шығанағындағы ұлттық ғарыш айлағынан Лагранж L1 нүктесіне бағыт алған автоматты станса сәтті ұшырылды. Бұл туралы ҚазАқпарат  хабарлады.

Үндістанның ғарыштық зерттеулер ұйымы автоматты күн стансасын Жер орбитасына сәтті шығарды.

Ұшыру Бенгал шығанағындағы Шрихарикота аралындағы ғарыш айлағынан жүзеге асты.

Станса біраз уақыт Жерді айналы жүреді, содан кейін Лагранж L1 нүктесіне төрт айлық сапарға шығады. Бұл нүктеде Жер мен Күннің тартылыс күші тең саналады.

Бұл – Күнді зерттейтін алғашқы үнді миссиясы. Оның міндеті – электромагниттік өрістер, бөлшектер мен магнит өрісі детекторларын пайдалана отырып, хромосфера мен Күн тәжін зерттеу.

Мұның алдында үндінің «Викрам» аппараты Ай бетіне сәтті қонған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз