АҚШ-тың іскерлік белсенділік индексі он ай қатарынан төмендеп келеді. Бұл өз кезегінде инвесторлардың ФРЖ ақша-несие саясатын біршама жұмсартады деген үмітін нығайтады. Экономист Нуриэль Рубини әлемдік экономиканың құлдырау қаупі азайғанымен келіседі. Алайда сарапшы 2023 жылдың екінші жартысында АҚШ қор нарығының 10%-ға құлдырау мүмкін деп болжайды. Осы және басқа да тақырыптарды әлемдік БАҚ-қа шолудан оқыңыз.
Нуриэль Рубини жаңа нарықтар құлдырайды деген болжам жасап отыр
Bloomberg басылымының жазуынша, 2008 жылғы қаржы дағдарысын болжаған америкалық танымал экономист Нуриэль Рубини 2023 жылдың екінші жартысында әлемдік қор нарығы 10%-ға құлдырауы мүмкін деп пайымдайды.
2023 жылдың тамыз айының соңында Evercore ISI құрметті төрағасы Ральф Шлосштайн жасаған болжам да көңіл көншітерлік емес: оның пікірінше, ФРЖ-ның ақша-несие саясатын қатайтуы «инвестициялаудың алтын ғасыры» аяқталғанын байқатады. Дегенмен алдағы 10-30 жыл аясында акциялар ақша табудың негізгі тәсілі болып қалады.
АҚШ экономикасы баяулауын жалғастырып жатыр
АҚШ өнеркәсібіндегі іскерлік белсенділік индексі (ISM Manufacturing) тамызда 46,4%-дан шілдеде 47,6%-ға өскен. Ал сарапшылар орта есеппен 47% болады деп күткен еді. Алайда, индекс оныншы ай қатарынан 50%-дан төмен қалыптасып отыр. Business Insider жазуынша, бұл Уолл-стрит үшін жақсы белгі, өйткені ФРЖ саясатын жеңілдету мүмкіндігін арттырады.
Осы аптада АҚШ-тың қызмет көрсету секторындағы іскерлік белсенділік индексі туралы деректер жарияланады. ING Economics сарапшылары индекс шілдедегі 52,7%-дан тамызда 52,4%-ға дейін төмендейді деп болжайды. Жалпы, ING Economics мәліметінше, іскерлік белсенділік индексі пайыздық мөлшерлемені одан әрі көтерудің қажеті жоқ екенін көрсетеді.
Arm бір акциясын 47-51 долларға сатпақ
Чип шығаратын Arm Holdings (SoftBank Group-қа тиесілі) компаниясы осы аптада өз акцияларын 47-51 доллардан IPO-ға шығармақ, Бұл туралы Reuters басылымы өз ақпарат көздеріне сілтеме жасап хабарлайды. Осылайша, компания құны 50-54 миллиард долларды құрауы мүмкін, нарықтағы акциялар ұсынысы 5-5,4 миллиард долларды құрайды.
Бұл – 2021 жылы Rivian Automotive электромобиль өндірушісі өткізген IPO-дан кейінгі ең ірі IPO. Дегенмен, Arm бағасы айтарлықтай төмендеген. 2023 жылдың тамызында SoftBank банкі Vision Fund венчурлық қорынан компанияның 25% үлесін 64 миллиард долларға сатып алды.
Чипмейкердің IPO-сына Apple, Nvidia Corp, Alphabet, AMD, Intel, Samsung Electronics және басқа да компаниялар қатысады. Оның өнімдерін 260-тан астам технологиялық компаниялар пайдаланып, өндірілетін смартфондардың 99 пайызы соның негізінде жасалады.
Country Garden келісімі – Қытайдағы жылжымайтын мүлікті қалпына келтіру мүмкіндігі
Қытайдағы ең ірі девелопер Country Garden кредиторлармен 3,9 миллиард юань (537 миллион доллар) қарызын өтеуді 2026 жылға дейін кейінге қалдыру туралы келісімге келді. Бұл Қытайдың дағдарысқа ұшыраған жылжымайтын мүлік секторына дем беруі мүмкін. «Алдағы айларда біз үкіметтің ынталандыру шаралары тұрғын үй нарығындағы сұранысты жандандыруға көмектесетінін байқаймыз, бұл қытайлық жылжымайтын мүлік салушыларының тағдыры және олардың алдағы қарызды өтеу қабілеті үшін маңызды», – деді Reuters агенттігіне түсініктемесінде Global Macro басқарушы директоры Тара Харихаран.
Қысқа-нұсқа
Brent соңғы үш аптада алғаш рет барреліне 88 доллардан асты. Нарық Ресей мен Сауд Арабиясында өндірістің одан әрі қысқаруын күтіп отыр
Saudi Aramco мемлекеттік мұнай-газ компаниясы 2023 жылдың соңына дейін Эр-Риядта екінші рет орналастыру арқылы өз акцияларын 50 миллиард долларға сатуды қарастыруда, деп хабарлайды The Wall Street Journal. Жыл басынан бері компанияның бағалы қағаздары шамамен 20 пайызға қымбаттады.
Financial Times есебіне сәйкес, Қытайдың ірі банктері: Bank of China, Industrial & Commercial Bank of China, China Construction Bank және Agricultural Bank of China Ресейге несие беруді 2022 жылдың басындағы 2,2 миллиард доллардан 2023 жылдың наурыз айының соңында 10 миллиард долларға дейін арттырды.
АҚШ-тың акция қорларының пайдасы 2023 жылы шамамен 13,7% құрайды, деп жазады The Wall Street Journal Refinitiv Lipper зерттеуіне сілтеме жасап.
FactSet соңғы екі жылда алғаш рет АҚШ компаниялары үшін тоқсан сайынғы кіріс нұсқаулығын көтерді. Үшінші тоқсандағы акцияға шаққандағы кіріс бағалауы 0,4%-ға өсті, төртінші тоқсандағы бағалаулар да кезең ішінде 0,6%-ға өсті.