Күдіктілер мен айыпталушыларды гауптвахтада ұстау қағидаларына өзгеріс енгізіледі
Әскери полиция бас басқармасы «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының гауптвахтасындағы ішкі тәртіптеме және онда күдіктілер мен айыпталушыларды ұстау қағидаларын бекіту туралы» қорғаныс ведомствосы басшысының 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 322 бұйрығына өзгеріс дайындады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігі хабарлады.
Қорғаныс министрінің бұйрығын жаңарту «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Мемлекет басшысының 2023 жылғы 23 тамыздағы Жарлығында «қарауыл» терминінің «ауысым бастығы» болып өзгеруіне байланысты.
Ереже ҚР Қарулы Күштері Әскери полиция органдарының гауптвахталарындағы ішкі тәртіптеме және күдіктілер мен айыпталушылардың ұсталуын айқындайды. Жалпы гауптвахталардың қызметі ұлттық заңнама талаптарымен, Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен және халықаралық актілермен реттеледі.