Президент СҚО әкімі Айдарбек Сапаровты Ауыл шаруашылығы министрі етіп тағайындады

Жарияланды

Президент Жарлығымен Айдарбек Сапаров Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалды. Ол бұрынғы атқарған лауазымы яғни Солтүстік Қазақстан облысы әкімі лауазымынан босатылды.

Мәжілістің Аграрлық мәселелер комитеті Айдарбек Сейпілұлы Сапаровтың кандидатурасын Ауыл шаруашылығы министрі лауазымына тағайындау ұсынысымен келісті.

Айдарбек Сапаров:

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, 1966 жылы 12 маусымда Солтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Омбы ауылшаруашылығы институтын (1992), Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін (2006) зооинженер мамандығы, мемлекеттік басқару бакалавры бойынша тәмамдаған. «Құрмет», «Парасат» ордендерімен, «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медальмен марапатталған.

Мансап

Еңбек жолын 1984 жылы Солтүстік Қазақстан облысында совхоз бухгалтері болып бастаған Айдарбек Сапаровтың мапсап жолы негізінен ауыл шаруашылығымен байланысты. болған.
09.1992 – 10.1995 – зоотехник- орындаушы, Калинин атындағы шаруашылықтың коммерциялық директоры.
10.1995 – 09.2003 – директор, «Ноғайбай» ЖШС бас директоры.
09.2003 – 02.2005 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы директорының орынбасары.
02.2005 – 03.2006 – «Азық-түлік келісім – шарт корпорациясы» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық өкілдігі директорының бірінші орынбасары.
03.2006 – 09.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық басқармасының басшысы.
03.2006 – 11.2006 – Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігінің облыстық аумақтық инспекциясының басшысы.
11.2006 – 03.2008 – Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданының әкімі.
03.2008 – 04.2010 – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімі.
04.2010 – 09.2011 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің ауыл шаруашылығы жөніндегі орынбасары.
09.2011 – 03.2019 – Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары.
03.2019 – 11.2022 – Бірінші вице-министр, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2022 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Бұған дейін Ауыл шаруашылығы министрлігін басқарған Ербол Қарашөкеев Президент Жарлығымен лауазымынан босатылды.

Сондай-ақ оқыңыз