Путин мен Ердоғанның кеңейтілген құрамдағы келіссөздері аяқталды
Ресей Федерациясы Президенті Владимир Путин мен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның кеңейтілген құрамдағы келіссөздері аяқталды, деп хабарлады Ресей Мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
Кеңейтілген құрамдағы келіссөздер шамамен бір жарым сағатқа созылды.
Ресей мен Түркия Президенттері Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоғанның кездесуі Сочиде өтті.
Путин қонақты өзінің «Русь» резиденциясының кіреберісінде қарсы алды.
Путин келіссөздерді кеңейтілген құрамдағы отырыстан бастауды және екіжақты үкіметаралық комиссияның тең төрағаларына, содан кейін Сыртқы істер министрлеріне сөз сөйлеуді ұсынды.
Ресей Федерациясының президенті Ердоғанға Сочиге демалуға жиі келуді ұсынды:»сіз бізге демалуға келеңіз, әйтпесе біз бәріміз сізге келеміз»деді.
Ердоған келісіп, сондай-ақ, Сочиге небәрі 1 сағат 15 минут ұшқанын айтты.
Айта кетейік, осыған дейін Путин мен Ердоғанның кездесуі 4 қыркүйекте Сочиде өтеді деп хабарладық.