Қазақстанда әйелдердің еңбегі арзан бағалана ма? Ерлерге қарағанда жалақы көлемі 34% төмен
Елімізде ерлер мен әйелдер арасындағы жалақы айырмашылығы айтарлықтай. Finprom.kz сайтыныің дерегінше, ол 33,7% құрайды.
Аорталдың дерегінше, 2022 жылы ерлердің жалақысы орташа есеппен 355,3 мың теңге, бір жылда 26,3% көбейген, әйелдердікі — 265,8 мың теңге, 20,7% көбейген.
Жалақы айырмашылығы айтарлықтай 33,7%. Ерлердің жалақысы республикалық орташа деңгейден 14,7% көп болса, әйелдердікі 14,2% аз.
Өңірлер бойынша: ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Атырау (631,8 мың теңге), Маңғыстау (590,6 мың теңге) және Ұлытау (489,1 мың теңге) облыстарында, ал ең төменгісі — Жетісу облысында (бар болғаны 226 мың теңге).
Бұл өңірлерде ер мен әйел жалақысындағы айырмашылық та жоғары. Мәселен, Маңғыстау облысында ерлердің жалақысы әйелдердің жалақысынан 2 есе, Атырауда — 85,9%, Ұлытауда — 68% артық.
Әйелдер ерлерге қарағанда 3,1% көп жалақы алатын, әйелдер ерлерден сәл ғана көбірек табыс табатын жалғыз өңір – Жетісу облысы.
Жалақыдағы ең аз айырмашылық Жамбыл, Алматы және Солтүстік Қазақстан облыстарында байқалды: тиісінше 1,9%, 2,5% және 5,5% ерлердің пайдасына.
Әйелдердің ең жоғары орташа айлық жалақысы Астанада тіркелді: бір жыл бұрын 306,7 мың теңге болса, қазір 365,1 мың теңге. Үздік үштікке Атырау облысы (339,8 мың теңге) мен Алматы (320,1 мың теңге) қалалары да кірді.
Экономика салалары бойынша: ерлердің ең жоғары орташа айлық жалақысы қаржы және сақтандыру қызметі (728,7 мың теңге), тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу (678,4 мың теңге), кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет (499,2 мың теңге) салаларында тіркелді.
Осы салаларда ерлер әйелдерге қарағанда тиісінше 58,3%, 26,6%, 25,4% көп алды.
Сонымен қатар, қаржы және сақтандыру қызметінен басқа, жалақының ең үлкен айырмашылық тұру және тамақтандыру қызметінде (ерлер пайдасына 38,1%) және өңдеуші өнеркәсіпте (33,8%).
Білім саласында ғана әйелдер ерлерден 4,8% пайыз көп алады. (тиісінше 239,8 мың теңге және 251,4 мың теңге).
Әйелдердің ең жоғары жалақысы тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді қазу (535,8 мың теңге), қаржы және сақтандыру қызметі (460,2 мың теңге), ақпарат және байланыс (403 мың теңге) салаларында.