Жаңалықтар

ҚМГ мақсатты акцияларының құнын төмендетті

кмг
Фото: ҚМГ

«ҚазМұнайГаз» 2023 жылдың 6 айының қорытындысын шығарып, мақсатты акция құнын 10860 теңгеден 10 777 теңгеге дейін төмендетті.

Компания бұл шешімді мұнай бағасының төмендеуімен байланыстырады.

«Компанияның қаржылық нәтижелері мұнай мен газ өндіру, тасымалдау және өңдеу көлемдерінің ұлғаюына қарамастан мұнай бағасы төмендеп келеді. Сонымен қатар, компанияның бағасына жалақы бойынша шығындардың өсуі, сондай-ақ күрделі шығындардың біз күткеннен жоғары ұлғаюы әсер етті», делінген хабарламада.

Компанияның хабарлауынша, акция құнын төмендету мұнай тасымалдау бағыттарын әртараптандыру жоспарларына байланысты тәуекелдік сыйлықақыны азайтуды ескере отырып, капиталдың орташа алынған құнын түзету есебінен ішінара өтелген.

«Біз танкерлер паркін кеңейту жоспарларын, сондай-ақ Ақтау портының әлеуетін дамытуды оң бағалаймыз. Нәтижесінде біз ҚМГ акцияларын ұстап тұру түралы шешімге келдік», делінген хабарламада.