Жапония Қытайдың теңіз өнімдеріне тыйым салуынан кейін зардап шеккен балықшыларға 130 млн еуро бөлді
ҚХР Жапониядан балық пен теңіз өнімдерін әкелуге тыйым салған болатын. Сондықтан Жапония Үкіметі балық өнеркәсібін қолдау шаралары аясында шамамен 130 миллион еуро бөледі, деп хабарлайды Интерфакс ру сайты.
Негізгі көмектің жалпы сомасы 500 миллион еуро көлемінде.
Бұған дейін Қытайдың кеден басқармасы Жапониядан барлық теңіз өнімдерін импорттауды тоқтата тұратынын жариялады. Бұл шешім Жапонияның атом электр станциясынан мұхитқа су ағызғаннан кейін қабылданды.
Жапония Үкіметі 24 тамыздан бастап балықшылар мен көрші елдердің, соның ішінде Қытайдың наразылығына қарамастан атом электр станцияларынан Тынық мұхитына су ағызуды бастады.
Бейжіңде Жапония шешімін «халықаралық қауымдастықтың елеулі қарсылықтарына» қарамастан, суды төгу басталғанын атап өтті және бұл Халықаралық қоғамның мүдделерін елемейтін «өте өзімшіл және жауапсыз әрекет» деп атады.
«Фукусима-1» атом электр станциясындағы апат 2011 жылдың наурыз айында цунами нәтижесінде болды. 2021 жылдың сәуірінде Жапония үкіметі арнайы өңдеуден кейін Фукусима 1-ден мұхитқа біртіндеп су ағызу жоспарын жариялады.
Токионың шешімі көрші елдердің, атап айтқанда, тұтынушылар осы аймақта ауланған кез келген теңіз өнімдерінен бас тартады деп қорқатын балық аулау саласының өкілдері арасында үлкен наразылық тудырды.
Айта кетейік, Қытай Жапониядан теңіз өнімдерін импорттауды тоқтатты деп хабарлаған едік.