Вrent маркалы мұнайдың құны барреліне 89 доллардан асты. Оның құны осы жылдың 23 қаңтарынан бері көтерілмеген болатын.
Мәскеу уақыты бойынша сағат 19:10-дағы жағдай бойынша Лондонның ICE биржасында Brent маркалы мұнайдың қарашадағы фьючерстерінің бағасы 0,46%-ға өсіп, барреліне 88,96 долларды құраған. Бір күн ішінде қараша айындағы фьючерс құны 0,5%-ға өсіп, барреліне 89,02 долларға өсті.
Ал WTI маркалы мұнайдың қарашадағы бағасы сауда деректеріне сәйкес барреліне 85,01 долларды құраған.
Мәскеу биржасының мәліметінше, 28 тамыз бен 1 қыркүйек аралығындағы апта ішінде Brent маркалы мұнайдың қараша айындағы фьючерстерінің құны барреліне 6%-ға өсіп, 88,9 доллар болса, WTI мұнайының қазан айындағы фьючерстері 7,6%-ға өсіп, барреліне 86 долларға жеткен.