АҚШ қор нарығына қатысты болжам, ЕОБ шешімін мен мұнай бағасы қандай болмақ?
Уолл-стриттегі көңіл-күй құбылып тұр: кейбір сарапшылар акциялардыі бағасы шамадан тыс қымбаттап барады десе, өзгелері оптимизммен қарап, рекордтық өсім күтеді. Жалпы, АҚШ пен Еуропадағы макроэкономикалық көрсеткіштер, сондай-ақ Қытайдағы экономиканы мемлекеттік қолдау және туризм саласының жандануы балама сценарийді жүзеге асыруға үміт береді. Осы және басқа да тақырыптарды қозғаған әлемдік БАҚ-қа шолуды оқыңыз.
Market Watch агенттігінің хабарлауынша, АҚШ-тың екінші тоқсандағы кіріс маусымы аяқталып, инвесторлар соңғы экономикалық деректерге назар аударды. Олар «нашар экономикалық жаңалықтарға» тіпті экономикалық өсудің баяулауын көрсететін кез келген деректерге оң реакция танытты.
Бұл үрдіс нарықта тоғыз айдан бері жүріп келеді. Нашар экономикалық жаңалықтар акциялар үшін жақсы жаңалыққа айналып отырған тұйық шеңберді бұзу үшін деректер қазіргіден әлдеқайда нашар болуы тиіс. Олар жоғары пайыздық мөлшерлемелерден айтарлықтай залалды көрсетуі керек, деп жазады басылым.
TBH Advisors негізін қалаушы және басқарушы мүшесі.Дэвид Меррелл инвесторлар инфляцияның қайта көтерілуіне дайын болуы керек деді. «АҚШ-тағы инфляция жақсы төмендеп келеді. Бірақ егер ол көтеріле бастаса, бұл ауыр тиеді», – деді Меррелл.
Bank of America: Жылдың соңына қарай нарық «Златовласки» сценарийінде ең жоғары деңгейге жетеді
Business Insider дүйсенбіде жыл соңына дейін АҚШ қор нарығының рекордтық өсімін болжайтын Bank of America стратегтерінің пікірін жариялады. Олар қыркүйекте акциялар 10-20%-ға көтеріледі деп болжайды. Бір айдағы табыстылық мәні де тарихи 65 пайызды құрайды. Оған қоса нарық қазір «Златовласки» кезеңінде тұр.
«Златовласки» сатысында қор нарығы сәйкес 7,57% және 8,17% орташа және медиандық өсуді көрсетеді, ал қыркүйектен желтоқсанға дейін 91% жағдайда өсім болады . Стратегтердің пікірінше, S&P 500 2023 жылдың соңында 4 850-4 875 құрауы мүмкін, яғни ағымдағы деңгейден 7-8% жоғары болмақ. Бұл рекордтық көрсеткіш болуы мүмкін.
Еуропа орталық банкінің ниеті қандай?
Кристин Лагард (ЕОБ басшысы) ЕОБ пайыздық мөлшерлемені көтере ме, әлде оны бір деңгейде сақтай ма деген сұраққа жауап бермеді, деп хабарлайды Bloomberg. Ол Лондонда Еуропалық экономика және қаржы орталығы ұйымдастырған семинарда: «Әрекеттер құр сөзден мәндірек», – деді.
«Біз пайыздық мөлшерлемелерді 12 ай ішінде рекордтық қарқынмен және рекордтық уақытта 425 базистік тармаққа көтердік. Ал біз инфляцияның 2 пайыздық деңгейге дер кезінде қайтарылуына қол жеткіземіз».
Еуроаймақтағы инфляцияның өткен аптада жарияланған жаңа деректері инфляцияның шілдедегі 5,5%-дан тамызда 5,3%-ға баяулағанын көрсетті. Шенеуніктер жеке сектордағы белсенділіктің күшеюінің белгілерін де байқап отыр. Ақша нарықтары ЕОБ келесі аптада мөлшерлемелерді 4%-ға дейін көтеру мүмкіндігін болжайды.
Қысқа-нұсқа
Barclays Ұлыбританиядағы төлем бөлімшесінің үлесін 2,5 миллиард долларға сатуы мүмкін, деп хабарлайды Reuters. Сондықтан банк бизнесті дамытуға көмектесетін және өзінің стратегиялық ноу-хауы бар іскер серіктесті тартуға ниетті. Алайда банк қанша үлесін сатуға дайын екенін әлі шешпеген.
Дүйсенбіде Бельгия 21,9 миллиард еуро (23,7 миллиард доллар) облигация сатты. Bloomberg мәліметінше, оны тек жеке инвесторлар сатып алған. Бұл – жеке инвесторлар үшін Еуропадағы ең үлкен қарыз ұсынысы.
Мұнайдың бағасы өсіп, барреліне 90 долларға дейін көтерілді. Динамика ОПЕК+ пен Ресейдің өндірісті қысқартуының жалғасуы, сондай-ақ Қытай экономикасының ықтимал өсуімен байланысты. Қытай экономиканы ынталандыруды жалғастыруға ниетті. Black Gold мұнай нарығының сарапшысы Гэри Росс бұл елдегі туристік индустрияның өсуіне байланысты 2023 жылдың соңына қарай Brent бағасы барреліне 90-100 долларға дейін көтеріліп, бұл авиакеросин мен бензинге сұраныстың артуына түрткі болды дейді.
Владимир Путин мен Режеп Тайып Ердоған Мәскеудегі келіссөз барысында «астық мәмілесін» қалпына келтіру бойынша ымыраға келе алмады.
JP Morgan Лондон қаласындағы жылжымайтын мүлік құны биыл 20% төмендейді деп болжайды.