Тоқаев Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесін өткізді

Жарияланды

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан армиясын жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен қамтасыз ету қажет деді. Бұл туралы Бас қолбасшы Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының шұғыл кеңесінде мәлімдеді, деп хабарлайды Ақорда.

Сондай-ақ отандық қорғаныс өнеркәсібі кешенін нығайтудың маңыздылығына назар аударды.

Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Батыл тойтарыс – 2023» оқу-жаттығу жиыны өтетін жерге келген соң Бас штабтың алдыңғы шептегі басқару пунктін аралап көріп, шұғыл кеңес өткізген.

Бас штабтың бастығы, генерал-лейтенант Марат Құсайынов жалпы ахуал жөнінде баяндады. Содан кейін Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр бейнебайланыс режимінде еліміздің қорғаныс әлеуетін арттыру үшін әзірленген шаралар туралы баяндама жасады.

Ал әскер түрлерінің бас қолбасшылары және «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, сондай-ақ Абай облысының әкімі мен Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің міндетін атқарушы өздеріне сеніп тапсырылған аумақтағы жүктелген міндеттердің орындалу барысы жөнінде баяндаған.

Сондай-ақ оқыңыз