Ердоған Түркияда газ хабын құрудың артықшылықтары туралы айтты

Жарияланды

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Мәскеу мен Анкараның бірігіп газ хабын құру жоспарлары энергия бағасына оң әсер ететінін айтты. Бұл туралы Интерфакс ру хабарлады.

«Біз еліміз арқылы Еуропаға және басқа елдерге энергия тасымалдаушыларды жеткізу үшін түрлі жобаларды іске асыратын боламыз. Түркияда табиғи газ орталығын құру энергиямен жабдықтауда прогреске қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бұл энергия бағасына да жағымды әсер етеді», – деді Ердоған.

Ол сондай-ақ: «біз соңғы жылдардағы инвестицияларымыздың арқасында елімізді маңызды газ орталығына айналдырамыз»деді.

«Біз өз елімізді энергетикалық хабқа айналдырамыз деп айттық. Біз бұл үшін инфрақұрылыммен жұмыс істеп жатырмыз», – деп қосты түрік көшбасшысы.

Бір күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин мен Ердоған Сочиде келіссөздер жүргізді.

Путин түрік көшбасшысымен кездесу барысында Ресей Түркияда газ хабын құру туралы келіссөздерде алға жылжығанын, олардың жақын арада аяқталатынына сенетінін айтты.

Өз кезегінде Ердоған: «Фракия аймағында газ хабын құру біздің қарым-қатынасымызды байытады», – деп атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз