Абайлаңыз, фишинг: NCALayer орнына Trojan Downloader зиянды бағдарламасын жүктейтін фишинг-сайт пайда болды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Мемқызмет алу туралы сұрау салуға қол қою үшін  NCALayer орнату қажет екені белгілі. Қазір интернетте осы бағдарламаның фишинг түрі пайда болған.

Хакерлер NCALayer орнына «Trojan Downloader» деген зиянды бағдарламаны жүктейтін hxxps://ncalayer.info/update.php фишингтік интернет-ресурсын ашқан. Оны мемлекеттік техникалық қызмет анықтады.

«Бұл зиянды бағдарламаның ерекшелігі ол- кейлоггер, деректерді ұрлау, компьютерді қашықтан жасырын басқару (VNC), сондай-ақ веб-камераны басқару функционалының иесі. Түпкілікті нәтижесінде зиянкестің пернетақтада терілетін акқпаратты оқуға, парольдерді, соның ішінде браузерлерден  көруге, сондай-ақ сыртқы қосымшаларды орнатуға мүмкіндігі бар», делінген хабарламада

Мұндай бағдарламалар жеке ақпаратқа қауіп төндіретіндіктен оларды жүктемей, орнатпай және күдікті сілтемелер бойынша өтпеу керек.

Сондай-ақ оқыңыз