Ұлттық қорға түсетін түсімдер 29 пайыз қысқарды

Жарияланды
Business News бөлімінің аға тілшісі

Қаңтар-тамыз айларында Ұлттық қорға мұнай секторындағы компаниялардан түсетін тікелей салық түріндегі түсім 3,24 трлн теңгені құрады. Қаржы министрлігінің хабарлауынша, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29%-ға аз.

Қаржы министрлігі жариялаған есепте атап өтілгендей, жыл басынан бері корпоративті табыс салығы Ұлттық қорға 1 трлн теңге (бір жыл бұрын 1,34 трлн) алып келсе, үстеме пайда салығы ретінде 57,4 млрд теңге (92,6 млрд теңге) түскен. Пайдалы қазбаларды өндіру салығы – 1,08 трлн теңге (1,39 трлн теңге), экспортқа рента салығы – 278,6 млрд теңге (471,4 млрд теңге), жасалған келісім-шарттар бойынша өнімді бөлудегі Қазақстанның үлесі – 696,7 млрд теңге (1,07 трлн теңге) , өнімді бөлу туралы келісім-шарт бойынша жұмыс істейтін жер қойнауын пайдаланушының қосымша төлемі және мұнай секторындағы ұйымдардан жер қойнауын пайдаланғаны үшін баламалы салық 113,1 млрд теңге (191,9 млрд теңге) болған.

Мұнай секторындағы мекемелер жүзеге асырған операциялардан түскен басқа да түсім 2,4 млрд теңгені (2,6 млрд теңге) құрады. Ұлттық қорды басқарудан түскен инвестициялық кіріс түріндегі түсімдер былтыр қаңтар-тамызындағы 634,9 млрд теңге шығынмен салыстырғанда, 838,7 млрд теңгені құрады.

Бұл ретте, жылдың сегіз айында Ұлттық қордан 2,9 трлн теңге (бір жыл бұрын 3,35 трлн) алынған, оның ішінде кепілдендірілген трансферттер түрінде 1,59 трлн теңге (3 трлн теңге), бөлінсе, нысаналы трансферттер 1,29 трлн. трлн теңгені (346,6 млрд теңге) құрады.

1 қыркүйектегі жағдай бойынша, Ұлттық қордың активтері жыл басындағы 26,77 триллион теңгемен салыстырғанда 27,957 триллион теңгеге жетті.

Сондай-ақ оқыңыз