«Астрахань – Маңғышлақ» су магистралі арқылы Қашағандағы газ кешеніне су құбыры тартылды
«ҚазТрансОйл» АҚ еншілес компаниясы Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырын салды, деп хабарлайды «ҚазТрансОйл» компаниясының баспасөз қызметі.
«Магистральдық Суағызғысы» ЖШС «Атырау облысындағы Қашаған кен орнындағы газды кешенді дайындау қондырғысы үшін су құбырының құрылысы» жобасын жүзеге асырды. Су құбыры Қашаған кен орнындағы ілеспе газ өңдеу зауытының құрылысының бірінші кезеңін жүзеге асыру жұмыстарын сумен қамтамасыз етеді», делінген хабарламада.
Құрылыс-монтаж жұмыстары 2023 жылдың 31 мамыры мен 31 тамызы аралығында 3 ай ішінде аяқталған. Бұл су құбыры «Астрахань – Маңғышлақ» магистральды су құбырына қосылған. Құбыр операторы «Магистральдық суағызғысы» ЖШС.
«Астрахань-Маңғышлақ» магистральды су құбырының құрылысы наурызда басталған болатын. «Астрахань – Маңғышлақ» магистральдық су құбыры – стратегиялық маңызды объект. Бұл құбыр – Атырау облысының Құрманғазы, Исатай және Жылыой аудандарының тұтынушылары үшін, сондай-ақ Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласы, Бейнеу, Маңғыстау, Қарақия және Түпқараған аудандары үшін су берудің жалғыз орталықтандырылған су көзі. Бұл құбыр арқылы келетін суды Маңғыстау облысы тұрғындарының 35%-дан астамы және Атырау облысының 28% һ астам халқы тұтынады. Жыл сайын халықтың су тұтыну көлемі 4-5%-ға артып келеді.
Бұдан басқа, Атырау облысындағы «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» арнайы экономикалық аймағында орналасқан мұнай-газ өндіру және өнеркәсіп кәсіпорындары, сондай-ақ мұнай-химия өндірістеріндегі жобалар Еділ суының үздіксіз берілуіне байланысты жұмыс істейді.