Ауыс-түйіс ізімен: Қазатомөнеркәсіп басшылығында да өзгеріс

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Жақында Қазатомөнеркәсіп ұлттық атом компаниясы өз басшылық құрамының өзгергенін мәлімдеді. Президент жолдауынан кейінгі тағайындаулар мен босатулардың буы әлі басылған жоқ. Республикадағы «Ұлы өзгерістердің елесі» Қазатомпромның қабырғаларын кезіп жүргендей.

Ұлттық компаниядағы ауыс-түйіс

Қазақстан халқы сеңдей соғылып, ел аумағында атом станциясын салу не салмау тақырыбын тартыса талқылап жатқанда ұлттық экономикамыздың мәйегіне айналған «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы өз басшылық құрамын жаңаша жасақтайтынын айтып, ақпарат кеңістігіне жар салды. Өнеркәсіп өкілдері хабарлағандай, компания қызметінің көркін қыздырған атқарушы орған, байқаушы кеңесі мен басқарушылар құрамы жаңартылған. Бақарушылар құрамына Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың туған ағасы Ермек Қуантыров келді. Ол  «Қазатомөнеркәсіптің» құқықтық жетелеу және сатып алу жөніндегі бас директоры болды.

Уақытында Еуразиялық экономикалық комиссиясындағы директорлар қызметін атқарған Ермек Қуантыровтың «Қазатомөнеркәсіп» компаниясының құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.

Қуантыровтардың қуанышы. Ақпарат құралдарында жарияланған деректер Қуантыровтар отбасылық бизнесінің тасы Қазақстанда өрге домалап тұрғанын айтады.

Мәселен, Қуантыровтар анасының Аргумбаева Гүлнар Киепқызының атына (туыстық қатынас KASE биржасындағы үлестес тұлғалардың тізімдері бойынша белгіленді) 2007 жылы CAPITAL FINANCE Centre ЖШС тіркелген. Ашық көздердегі мәліметтерге сәйкес, ұйым Ұлттық қордың активтерін, Ұлттық Банктің алтын-валюта активтерін және зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қызметті қоспағанда, бағалы қағаздармен және тауарлармен мәмілелер бойынша брокерлік қызметпен айналысады.

ЖШС штаты 5 адамнан аспайтын шағын кәсіпорын ретінде тізімделеді және бүгінгі күнге дейін белсенді. 16 жыл жұмыс істеген кезде салық аударымдарының сомасы 40,7 млн теңгені құрады, бұл ретте төлемдердің шыңы 2016 жылға келді – кәсіпорын бірден 27,6 млн теңге төледі, яғни қызмет жылдарындағы барлық салық сомасының жартысынан көбі. 2022 жылы Әлібек Қуантыров министр болған кезде салық аударымдары мүлдем тоқтады. Ал министрдің туған інісі  «Қазатомөнеркәсіп» директорлар кеңесінде.

Әкімшілік әйдіптегендей, Қуантыровтың ендігі қызметіне құқықтық қамтамасыз ету процесіне басшылық жасау, халықаралық-құқықтық ынтымақтастық мәселелеріне жетекшілік ету, тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жөніндегі қызметті ұйымдастыру, сондай-ақ кешенді басқаруды жүзеге асыру және сатып алу процестері мен компанияның корпоративтік басқаруына басшылық жасау міндеті кіреді. Оның «туысқандық тұғыры» жайлы ресми мәлімет берілмейді.

Ойналмалы экономика және жоспарлы дүмпу

Әлемдегі ең ірі уран өрдірісінің директорлар кеңесі ішкі ауыс-түйіс мәселесіне келгенде, алдымен, әлемдегі геосаясат пен экономикалық жағдайдың «ойналмалы қалпына» назар аударғаны байқалады. Компания құрамындағы өзгерістер қаржылық әлеуетіне, қызмет көрсеткіштері мен жоспар-мақсаттарға, сындарлы болжаулар байланып тұрғаны бұдан бұрын да айтылған. Бұл жылғы жоспарды орындауға келгенде «Қазатомөнеркәсіп» ерекше қажыр-қайрат көрсетіп отыр. Ресейге уран экспоррттау бойынша жоспарды толығымен орындауға мақсат қойғанын хабарлағанбыз.

Қазір ұлттық компаниядағыӨндіріс жөніндегі блок пен ядролық отын циклі  блогыны бір арнаға, бір бизнес бағытта тоғысты. ЯОЦ жөніндегі бас директордың лауазымын жою себебінен компанияның басқарма мүшесі, ЯОЦ жөніндегі бас директор Досболат Сарымсақовтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтады.

Деректерге сүйенсек, қазіргі уақытта Қазатомөнеркәсіп басқармасының құрамы төмендегідей:

  • Ержан Мұқанов, басқарма төрағасы;
  • Қуаныш Омарбеков, өндіріс жөніндегі бас директор;
  • Дастан Көшербаев, коммерция жөніндегі бас директор;
  • Ермек Қуантыров, құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор;
  • Әлібек Алдоңғаров, HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор;
  • Мұхит Мағажанов, сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор.

Айта кетейік, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ – дүниежүзіндегі ауқымды ресурстық базаның бірін игеру басымдығына ие әлемдегі ең ірі табиғи уран өндіруші. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның акционерлік капиталының 85,08% «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-на тиесілі, 14,92% «Астана» халықаралық биржасы мен Лондон қор биржасында еркін айналымында жүреді. Оның құны 33,05 долларға жетті.

Сондай-ақ оқыңыз