Қытай билігі орталық мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне жұмыста iPhone және басқа шетелдік бренд құрылғыларын пайдалануға, сондай-ақ оларды кеңсеге әкелуге тыйым салды, деп хабарлайды The Wall Street Journal.
Бұл тыйым Apple компаниясының елдегі сатылымына теріс әсер етуі мүмкін. Себебі бұл техногиганттың жиынтық кірісінің шамамен 19%-ын құрайды.
Жаңа шаралар Қытайдың шетелдік технологияларға тәуелділікті азайту және Ұлттық киберқауіпсіздік деңгейін арттыру жөніндегі кезекті қадамы болды.
Бұған дейін билік бірқатар шетелдік компаниялардан жиналған деректерді тек ел аумағында сақтауды талап еткен болатын.