Бхарат деп конституцияда жазылған: Үндістан сыртқы істер министрі елдің атауын өзгертуге қатысты түсініктеме берді
Үндістан СІМ басшысы Субраманям Джайшанкар елдің «Бхарат»атауын қайтару туралы туындаған жағдай түсініспестік екенін айтты. Ол бұл туралы ANI басылымына берген сұхбатында мәлімдеді.
Бұған дейін Үндістан үкіметі елдің ресми атауын Бхарат деп өзгертуді жоспарлап отырғаны туралы хабарлаған. Бхарат — бұл хинди тіліндегі ежелгі атау.
Кейінірек «Бхарат» атауы Нью-Делиде өтетін G20 саммитін дайындауға арналған материалдарда пайда болды.
Джайшанкар өз сұхбатында Бхарат жаңа ұғым емес, Үндістанның хинди тіліндегі атауы екенін айтты.
«Үндістан-Бхарат, ол Конституцияда жазылған. Өтінемін, мен барлығын осыны оқуға шақырар едім», – деді СІМ басшысы.
«Менің ойымша, сіз «Бхарат» дегенде, бұл біздің Конституциямызда да көрінетін мағынаға, түсінікке және коннотацияға ие»,-деп қосты ол.