Жаңалықтар

Ұялы байланыс монополистерінің радиожиілік сатып алуына шектеу енгізілмек

Фото: архив kursiv.media

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі ұялы байланыс саласырндағы монополис компанияларға радиожиілік сатып алу бойынша өткізілетін конкурстарға қатысуға шектеу қою тетігін енгізу мүмкіндігін қарастыруда.

Бұл туралы Ашық талқылауға шығарылған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеуші саясаттың консультативтік құжатында жазылған.

Құжатта көрсетілгендей, 5G жиіліктерін бөлу бойынша соңғы аукционның қорытындысы бойынша, Радиожиілік спектрі «Қазақтелеком» компаниялар тобына берілген.

«Осылайша ұялы байланыс нарығының монополиялануын күшейтті. Бұл ретте, аукциондардың қорытындылары жеке операторлардың Квазимемлекеттік сектормен аукциондарда бәсекеге түсе алмайтындығын көрсетті. Сонымен, Beeline және Freedom Holding Corp әлеуетті операторы., Қазақтелеком және оның мобильді операторлары Біріккен консорциумға қарсы тұра алмады», делінген хабарламада.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің дерегінше қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ тобындағы радиожиіліктерді иелену бойынша үлестің арақатынасы – 82%, «КаР-Тел» ЖШС – 18% құрайды.

Ұялы байланыс нарығы монополияланғанын алға тартқан агенттік мәселені шешкдің өзіндік жолын ұсынып отыр.

«Осыған сүйене отырып, монополиялық ойыншылардың шектеулі ресурстарды – Радиожиілік спектрді сатып алуға қатысуын шектеу тетігін енгізу қажет, оның иелігінсіз басқа байланыс операторларының нарыққа шығуы мүмкін емес.