Алматыдағы Жетісу ауданының тұрғындары «Жайсаң» көшесінің атауын «Победа» деп өзгерткісі келеді
Жетісу ауданының тұрғыны Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтан Жайсаң көшесінің атын өзгертуді сұрады. Ол тұрғындардың көшеге бұрынғы «Победа» атауын қайтарғысы келетіні айтты
«Жайсан, әрине, әдемі атау. Бірақ сол маңның тұрғындары бұрынғы атауын қайтарғысы келеді», деді.
Әкім көшелердің атын өзгерту өзінің мүддесіне кірмейтінін және 10 жыл өтпей жаңа атауды заң бойынша өзгерту мүмкін емес екенін айтты.
«Мұндай жағдайлар көп. Тұрғындар қала атын өзгертуді қалап, пікірлерін өзгертіп жатады. Бірақ бізде заң бойынша атауы өзгерген соң, 10 жыл бойы атын ауыстыруға рұқсат жоқ. 10 жыл өткен соң ғана қалалық ономастикалық комиссияға өтініш білдіру керек. Қазір бізде жаңа заң қабылданып жатыр. Ол заң бойынша сол жердің тұрғылықты халқының пікірі ескеріле отырып, атауы өзгеретін болады. Сол заң қабылданса, тиісті құжаттарды және қажетті адамдардың дауысын жинап, өтініш берсеңіз болады. Ал менің ол көшенің атауын өзгертуге тікелей құзыретім жоқ. Сіз заң шыққанын күтесіз, болмаса 10 жыл күтесіз», деді әкім.
Ал Қарағанды облысы Саран қаласы Ақтас кенті тұрғындарының пікірін ономастикалық комиссия орынды деп тауып, Ленинградская көшесін – Әлия Молдағұлова көшесіне, Бородин көшесін – Бейбітшілік көшесіне, Городская көшесін – Кеншілер көшесіне, Привольная көшесін – Бауыржан Момышұлы көшесіне, 8 Марта және Трансортная көшелерін біріктіріп – Қаныш Сәтбаев көшесіне ауысытыру туралы шешім шығарған.
Бұл құжат «Ашық НҚА» порталына талқылауға шығарылды. Шешім алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.