АҚШ макроэкномикасындағы жақсы жаңалық қор нарығына кері әсер ертті

Жарияланды
Фото: / REUTERS/Brendan McDermid/File Photo

АҚШ-та оң макроэкономикалық статистика жарыққа шыққанымен, ол қор нарықтарына теріс әсер етті:кциялар төмендеп, облигациялар бойынша екі жылдық және онжылдық қағаздардың қисық кіріс инверсиясы қайта пайда болды. Бұл – экономика құлдырауының жанама көрсеткіштерінің белгісі. Осы және басқа тақырыптар туралы әлемдік БАҚ-қа шолудан оқыңыз.

АҚШ акциялары қайтадан арзандап жатыр

Кеше АҚШ-тағы негізгі биржалар сауда-саттықта арзандады, деп хабарлайды Bloomberg. S & P 500 4500-ден төмен саудаланып, 0,7% жоғалтты. Технологиялық алпауыттар арасында Apple бағалы қағаздары қатты құнсызданды: инвесторлар Қытайда iPhone жұмыста пайдалануға тыйым салатыны туралы ақпараттан кейін қағаздарын сатып жіберді. Нәтижесінде Nasdaq 1,06% – ға, DOW 0,57% – ға төмендеді.

Екі жылдық облигациялардың кірістілігі 5%-дан асты. Трейдерлер жақын отырыста ФРЖ ставкаларын көтеретініне бәс тігіп отыр, мұндай ықтималдық 60%-ға бағаланады.

Жеткізілім менеджменті институты жариялаған АҚШ-тағы қызмет индексі де инвесторларға әсер етті. Ол тамыз айында алты айлық максимумға дейін өсіп, 54,5-ке жеткен. 50-ден жоғары мән өсімді байқатады. Бұл Bloomberg экономистерінің сауалнамасындағы болжамынан асып түседі.

ФРЖ-ның «ақшыл» кітабы: Жалақының өсуі баяулайды


Сәрсенбіде ФРЖ АҚШ-тың қазіргі экономикалық жағдайы туралы есебін жариялады. Оны әдетте «Ақшыл кітап» деп атайды. Yahoo Finance-тің айтуынша, олардың есебіне сүйене отырып, жақын болашақта жалақы өсімі мен инфляция баяулайтын туралы айтуға болады. Хабарламада айтылғандай, бірнеше аймақтағы кәсіпорындардың тамыз айында шығындарын тұтынушыларға аудару қиынға түскен, өйткені тауар өндіру шығыны бағадан тезірек өскен,

Англия банкінің басшысы пайыздық мөлшерлеме шарықтау шегіне жақын екенін айтты

Англия банкінің басшысы Эндрю Бэйли ағылшын парламентінің мүшелерімен кездесуде пайыздық мөлшерлемелердің ең жоғары шегіне жақын екенін айтты, деп жазады BBC. Сонымен бірге Бэйли мөлшерлеме көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады. «Қазір біз циклдің шыңына әлдеқайда жақынбыз», – деді банк қызметкері.

Еске салайық, Англия банкі мөлшерлемелерді қатарынан 14 рет көтерді. Елдегі инфляция дамыған экономикалар арасында ең жылдам қарқынмен өсті. Бэйли ағылшын экономикасының баяулауына дәлел бар екенін айтты.

WeWork жалға алу шарттарын қайта қарайды

WeWork коммерциялық жылжымайтын мүлік операторы сәрсенбіде өзінің барлық дерлік жалдау шарттыраны қайта қарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Reuters. Бұл жаңалық нарықты дүрліктіріп, компанияның қағаздары 9%-ға өсті. Сондай-ақ компания жалға берушілерімен тиімді шарттарды келіссөздер жүргізуге тырысып жатқанын және басқа активтеріне қайта инвестициялауға жарамсыз ғимараттардан бас тартатыны хабарлады.

WeWork 2022 жылмен салыстырғанда тұтынушылардың жалпы санын 3%-ға қысқартуды жоспарлап отыр. Оған бәсекелестіктің өсуі, макроэкономикалық тұрақсыздық және төмен сұраныс себеп. Еске салайық, компания COVID індеті кезінде жұмысшыларды қашықтағы режимге ауыстырып, шығынын қысқартқан.

Саудиялықтар Азиядағы мұнай бағасын төртінші ай қатарынан көтеріп отыр

Мемлекеттік Saudi Aramco қазан айында араб жеңіл мұнайының бағасын 10 центке көтеріп, барреліне $3,60 құрады, деп хабарлайды Blo.

Мемлекеттік Saudi Aramco қазан айында Азиядағы флагмандық араб жеңіл мұнайының бағасын 10 центке көтеріп, барреліне $3,60 жеткізді, деп хабарлайды Bloomberg. Ал ОПЕК мұнайдың бүкіл сортының бағасын барреліне 20 центке қымбаттатты.

Трейдерлер ОПЕК+ өндірісін тағы қысқартқаннан кейін оптимизмге толы. Жыл соңына қарай мұнай одан да қымбаттап, жыл соңы қарай барреліне 100 долларға жетуі мүмкін,

Қысқа-нұсқа

Еуропалық Одақреттеушілері Microsoft пен Appleді тергеп жатыр, деп хабарлайды Bloomberg. Шенеуніктердің мұндай көзқарасы аймақтағы корпорациялардың бизнес үлгілерін өзгертуі мүмкін.

Қытайлық девелопер Evergrande сәрсенбіде Country Garden Holdings және Logan Group облигацияларының төлемдері аясында 82% өсті.

Илон Маск SpaceX-тен 1 миллиард доллар қарыз алып, ақша Twitter-ді сатып алуға кеткен. Қарызды Масктың өзі емес, Twitter өтеп жатыр, жылына шамамен 1,5 миллиард доллар пайыздық төлемдер төлейді. Бұл туралы The Wall Street Journal жазады. Жалпы алғанда, әлеуметтік желі 44 миллиард долларға сатып алынған.

Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған инфляцияны бәсеңдету үшін қатаң ақша-несие саясаты қажет екенін айтты. Дегенмен ол бұған дейін басқа пікірде болып, екі жылдай мөлшерлемелерді төмендетіп келген,

Сондай-ақ оқыңыз