Байден Трамп кезінде Аляскада мұнай өндіруге берілген рұқсаттардың күшін жойды
АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Аляскадағы Арктиканың Ұлттық жабайы табиғат қорығында (Arctic National Wildlife Refuge, ANWR) мұнай мен газ кен орындарын игеруге рұқсаттарды жою туралы шешім қабылдады. Бұл туралы Интерфакс ру сайты хабарлады.
«Климаттық дағдарысқа байланысты Арктикадағы температура бүкіл әлеммен салыстырғанда екі есе тез көтеріледі және біз бұл баға жетпес аймақты қорғауымыз қажет «,-деді Байден.
АҚШ ішкі істер министрі Дебра Холлан сәрсенбіде Трамп әкімшілігі берген жеті рұқсаттың барлығы жойылғанын хабарлады.
ІІМ Дебра Холлан сонымен қатар 10,6 миллион акр аумақта мұнай және газ кен орындарын игеру үшін жаңа учаскелерді жалға беруге тыйым салуды ұсынды.
Жарияланған бастамалар Алясканың солтүстігіне әсер етеді. Бұл жерде тек мұнай мен газ қоры ғана емес, сонымен қатар поляр аюы, бұғылар, суда жүзетін құстар және басқа да жабайы табиғат мекендейді. Экологтар ANWR-де бұрғылау Арктиканың бірегей экожүйесіне зиян тигізеді деген мәселені бірнеше рет көтерді.
Аляска энергетика саласы мен билігінің өкілдері мұнай мен газ өндіруге арналған аймақтың ашылуын қолдады, бұл жұмыс орындарын ашады және мұнай секторына тәуелді штат экономикасының өсуіне ықпал етеді деп сенді.
Осы жылдың басында Байден әкімшілігі ConocoPhillips компаниясының Аляскадағы мұнай өндіру жөніндегі Willow ауқымды жобасын мақұлдады, бұл кейбір демократтардың, сондай-ақ экологиялық белсенділердің наразылығын тудырды. АҚШ ішкі істер министрлігінің жаңа ұсыныстары Willow-қа қатысты емес, деп атап өтті WSJ.