Жаңалықтар

Бірнеше жыл бойы мотопарапланды әуеге рұқсатсыз ұшырып келген

Фото: Ашық дереккөзден

Көкшетау көлік прокуратурасы уәкілетті органдармен бірігіп, әуе кеңістігінде ұшу аппараттарын тиісті тіркеуден өткізбей пайдалану жағдайларын анықтаған. Бұл жайлы прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады.

«Авиация саласындағы қолданыстағы заңнамада меншік иесінің әуеде қозғалатын кез келген құралды мемлекеттік органның есебіне қою міндеті көзделген. Барлық қажетті заңды рәсімдер орындалғаннан кейін ғана авиа аппараттар ұсынылған ұшу жоспарына сәйкес ұшуға рұқсат беріледі. Алайда, экстремалды спорт әуесқойы бірнеше жыл бойы «Windtech» және «BOXER» мотопарапландарын тіркеуден жасырып қолданған», делінген баспасөз хабарламасында.

Осыған байланысты азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган жүргізілген бірлескен рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде «ұшатын аппараттың» иесіне айыппұл салынып, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.