Жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төмендеткен елдер арасында Қазақстан 19-шы орында тұр

Жарияланды

Фото: kursiv.media

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16,75%-дан 16,50%-ға дейін төмендеткенінің арқасында, Қазақстан жыл басынан бері базалық мөлшерлемені төмендеткен елдер қатарына 19-шы болып кірді. «Курсив» базалық мөшлершемені төмендеткен елдерге шолу жасады.

Мөлшерлеме орташа мәнде 0,91 пайыздық тармақ төмендетілсе, медианалық мәні – 0,50 пайыздық тармақты құрады. Орталық банк мөлшерлемесі мен инфляция (нақты мөлшерлеме) 5,67% (медиана – 5,21%) құрады.

Молдова

Молдова Ұлттық банкі маусым айының соңында мөлшерлемені бірден 4,00 пайыздық тармаққа төмендеріп, 6,00 пайызға дейін азайту туралы шешім қабылдады. Елдегі инфляция деңгейі жылдық 10,8% құрайды (шілде айының қорытындысы бойынша), осылайша Молдовадағы нақты көрсеткіш теріс болды: -4,80%.

Инфляция туралы есепте ҰБ инфляцияның баяулауын былтырғы базалық кезеңінің жоғары болуымен байланыстырады.

Ресми статистикаға сүйенсек, Молдова экономикасында бәсеңдеу байқалды: 2023 жылдың бірінші тоқсанында ЖІӨ жылдық мәнде 2,4%-ға, ал қаңтар-маусым айларында экспорт 11%-ға, өнеркәсіп өнімі мен құрылыс жұмыстарының көлемі 8%-ға азайған.

Украина

Украина Ұлттық банкі шілденің соңында мөлшерлемені 3,00 пайыздық тармаққа төмендетті. Одан тек Молдова озып тұр. Инфляция бәсеңдеп келеді: биыл қаңтар-шілде аралығында Украинадағы тұтыну бағасы 26,0-ден 11,3%-ға дейін төмендеді. Осыған қарамастан, Украина Орталық банкінің мөлшерлемесі бұрынғысынша жоғары болып отыр – 22,00%. Бұл – 19 елдің арасында ең жоғары нақты мөлшерлеме.

Ұлттық банк Ақша-несие саясаты комитеті мүшелерінің болжамына сәйкес, жыл соңына дейін мөлшерлеме 18,00-19,00% деңгейіне дейін төмендеуі ықтимал. Бұл бір жағынан соғыс жағдайында іскерлік белсенділікті сақтауға мүмкіндік берсе, екінші жағынан, ұлттық валютадағы жинақтарды қорғауды ынталандырар еді.

Украина экономикасында рецессия өсіммен алмасты: Ұлттық банктің есебі бойынша, ЖІӨ 2023 жылдың бірінші тоқсанында 10,5% құлдырап барып, ІІ тоқсанда 18,1% өскен. Алайда экономика әлі соғысқа дейінгі деңгейге жеткен жоқ.

Қытай

Аспанасты елінің орталық банкі – Қытай Халық банкі сақтық танытып отыр: ол жылдық несие мөлшерлемесін бар болғаны 0,10 пайыздық тармаққа, 3,45% дейін төмендетті. Дегенмен, бұл Қытай Орталық банкінің базалық мөлшерлемені жыл басынан бері екінші рет төмендетуі. Экономикадағы ақша құнын төмендете отырып, Қытай банктердің өтімділігін қолдау арқылы шілдеде дефляцияға ұшыраған экономиканы жеделдетуге тырысады.

Қазақстан

Қазақстанның Ұлттық банкі мөлшерлемені 0,25 пайыздық тармаққа төмендетті. Бұл ретте тек Қытай ақша-несие саясатын жұмсарту туралы шешімінде сақтық танытты. Сонымен қатар, бұл – зерттеудегі орташа мәннің жартысы. Тамыздағы инфляцияны есепке алса, нақты мөлшерлеме 3,40% құрайды, яғни іріктелген 19 елдегі көрсеткіштен 1,5 есе төмен. Бұл реттеушінің ақша-несие саясатында консерватизмге бейім екенін көрсетеді.

Бұл шешімге жыл басынан бері тұтынушылық жылдық инфляцияның баяулауы (маусымдағы 14,6%-дан шілдедегі 14,00%-ға дейін), сондай-ақ күтілетін инфляция әсер еткен. ҰБ сыртқы инфляция баяулауын жалғастырғанмен, әлі де орнықты қалпында екені атап өтеді. Бұл әлемдік азық-түлік пен қуат бағасының төмендеуі аясында орын алып отыр. Алайда кейбір орталық банктер ақша-кредит шарттарын қатаңдатуды жалғастырып келеді.

Ал Ұлттық банк алдағы уақытта саясаты қандай боларын нақытламай отыр.

«Базалық мөлшерлеменің қазіргі деңгейі инфляциялық процестердің баяулауын қолдауға, мемлекеттік шығыстардың өсуін ішінара теңестіруге және инфляциялық күтулердің жоғары деңгейде тұрақталуын алдын алуға мүмкіндік береді. Дегенмен Ұлттық Банктің алдыңғы шешім бойынша коммуникацияларында айтылғандай, инфляцияның байқалып отырған баяулау үрдісі базалық мөлшерлемені біртіндеп төмендетуге жағдай жасай бастады. Осыған байланысты болжамды раунд нәтижелері бойынша келесі шешім аясында Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені байыппен төмендетудің орындылығын бағалайды», – делінген ҚР Ұлттық банкінің тамыздағы базалық мөлшерлеме туралы шешімінің қорытындысы бойынша ресми мәлімдемесінде.

Бұл ретте Ұлттық Банк ЖІӨ динамикасының ағымдағы болжамын жақсартты: ішкі сұраныс, бюджет шығыстарының өсуі және мұнай секторының қалпына келуі есебінен биыл ЖІӨ 4,2–5,2 пайыз шегінде өседі. 2024–2025 жылдары 4,0–5,0% құрауы мүмкін. Бұған дейін Ұлттық банк алдағы екі жылда экономикалық өсім 3,5-4,5% аралығында сақталады деп күткен болатын.

Сондай-ақ оқыңыз