Жаңалықтар

ШҚО өзендерін зиянды қалдықпен ластағаны үшін «Қазмырыш»  50 млн теңгеге жуық айыппұл төледі

Фото: .kursiv.media

«Қазмырыш» компаниясы өзендерді зиянды қалдықпен ластағаны үшін айыппұл төлейді. Риддер қаласы маңында компанияға қарасты құбыр жырылып, оқыстан табиғи ортаға 1350 м3 тұнба ақты. Оқиға биыл шілде айының 27-сінде болған еді. Салдарынан сұйық қалдықтар жер үсті суларына түсіп, Тихая, Филиповка, Үлбі өзендерін ластады. Экология департаментінің тарапынан жоспардан тыс тексеру жүрді.

«Қазмырыш» құбырынан қалай сүйықтық төгілді, солайынша, су сапасы нашарлап сала берген. Экология департаменті бұған қатысты тексеру жүргізіп, бірқатар өзгерістерді нақтылады. Қазақстанның экология және табиғи ресурстар министрлігі:

«Жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша жол берілген бұзушылықтар үшін жалпы сомасы 49,6 млн теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Барлық айыппұлдар өндірілді», – деп мәлімдеме жасады.

«Қазмырыш» мұндай айыпбұлды табиғи ортада нитраттар концентрациясын 140 есе, өлшеуге түскен өзге элементтерді 50 есе, марганецті 5 есе артырып жібергені үшін төледі.

Сонымен қатар, Риддер полиция бөліміне Қылмыстық кодекстің 328-бабының 1 және 2-бөліктерінде (сулардың ластануы, бітелуі немесе сарқылуы) және 332-бабында (Қазақстан Республикасының мемлекеттік экологиялық сараптаманы міндетті жүргізу туралы заңнамасының талаптарын орындамау) көзделген құқық бұзушылық белгілері бойынша өтініш жіберілгені хабарланады. Хабарламада:

«Қазмырыш» ЖШС-нің жерді бүлдіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартқан жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 337-бабының 4-бөлігі бойынша 6,9 млн теңге сомаға айыппұл салынады», – делінген.

Қазмырыш құбырынан аққан сұйықтықтың судағы тіршілік иелеріне залал тигізбегенді анықталды. Департамент бұған қатысты:

«Қазгидромет» ШЖҚ РМК-ның ШҚО бойынша филиалы биотестаттау нәтижесі бойынша , балықтарға улы әсері болмаған.

«Қазмырыш» ЖШС – Қазақстанның түсті металлургиясындағы ірі кәсіпорын.  Кәсіпорын кен өндіруден бастап тазартылған металға дейін шығарады, қмырыш, қорғасын, мыс, алтын және күміс өндіру бойынша атқарылатын жұмыстардың толық циклін жүзеге асырады. Компанияның бөлімшелері Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарында орналасқан. Қазмырыш акцияларының бақылау пакеті жеке секторға сатылған. Компаниясының бас инвесторы – Glencore International AG.