Спарапшылар «Kazatomprom» акцияларының бағасы өседі деген болжам жасап отыр
Қазатомөнеркәсіп ұсынған биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығындағы қаржылық есептің деректеріне сәйкес өндіріс қарқыны артып, кірісі 25%-ға өскен.
«Кірістер 2022 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 25%-ға өсіп, 619 миллиард теңгені құрады, бұл операциялық пайданың 46%-ға өсуіне жіне таза пайданың 33%-ға 222 миллиард теңгеге дейін ұлғаюына әкелді», делінген компания сайтында.
Қазақстанның миноритарлық акционерлері қауымдастығындағы сарапшылардың пайымынша Қазатомөнеркәсіптің табысының толыса түсуіне Ресей уранына бөгесіннің қойылуы, әлемдік жетекші елдердің қалдықсыз және залалсыз «жасыл экономикаға» көшуі, метал құнының артуы сынды себептерді алға тартып отыр.
Отандық уран бағасы жоғары динамиканы сақтап отыр. 2022 жылы 13% өсімнен кейін уран споты тұрақты түрде жоғарыға өрлеп келеді. Жыл басынан бері Қазақстан ураны 23% -ға өсіп, бір фунт үшін 5 58.5 дейін көтерілген.
Қазатомөнеркәсіп компаниясының менеджменті 2023 жылы уранды сатудың болжамды көлемін бірден 19.4% – ға ұлғайтты, бұл компанияның бағалауы бойынша ағымдағы жылы кірістің Т1 270-Т1 310 млрд-қа дейін өсуіне жеткізбек (өткен болжам Т1 080-Т1 090).
Көкке өрлеу экспедициясы.
Өндіріс өнімділігі өзінің табиғи өсімі мен тұрақты жетілуінен жаңылмай келеді. Компания менеджменті 2023 жылға арналған уранды сату көлемін 14 500-15 000 тоннаға дейін ұлғайтуды мақсат тұтса, уран өндірісінің көлемі 10 600 – 11 200 тонна болатыны да айтылады. Болжам бойынша, 2023 жылы уран өндірісінің көлемі 21 000 тонна (2022 жылы 21 227 тонна) деңгейіне жетеді деп күтілуде, бірақ компания мұны місе тұтпай, келесі жылы уран өндірісінің 25 300 тоннаға дейін күрт ұлғаятынын мәлімдеді.
Ашығын айтқанда, Қазақстан қазынасын кәдеге жаратуды сындарлы түрде ұлғайту Қазатомпромныың операциялық және қаржылық көрсеткіштерін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.
Мысалы, Nikkei Asia әлемдегі барлық салынып жатқан немесе салынуы жоспарланған атом реакторларының шамамен 70%-ы Ресей мен Қытайға тиесілі екенін айтады. Егер де Қытай мен Ресей Қазатомөнеркәсіптің тұрақты тұтынушылар екенін ескерсек, Қазатомөнеркәсіп уранына сұраныс ұдайы түрде жоғары болып қалары сөзсіз.
Сарапшылар биылғы жарты жылдықтағы қаржылық нәтижелердің күрт өсуіне байланысты, келесі жылдары дивидендтік төлемдер де өседі деген болжап отыр.
Сондықтан, қазір акциясының әр данасы 14771 теңгеден саудаланып жатқан «ҚазАтомӨнеркәсіп» қағаздары 17% пайыз өседі деген болжам жасалып отыр. Болашақта оның құны 17 мың теңге айналасында сатылуы ықтимал. Сарапшылар уақыт өткізбей акция салып алуға кеңес береді.
Айта кету керек, Лондон биржасында да, Қазақстан қор биржасы мен AIX биржасында да ҚазАтомӨнеркәсіп акциялары соңғы уақытта тұрақты өсім көрсетіп келеді.