Тамыз айында Қытай экспортының көлемі 8,8%-ға, импорт 7,3%-ға төмендегені мәлім болды.
ҚХР Бас кеден басқармасының хабарламасында Қытай экспортының көлемі тамыз айында 8,8%, яғни 284,87 млрд долларға дейін түскені хабарланады.
Ал шілде айында бұл көрсеткіш 14,5%-ға түскен еді.
Мұндай «кері кетудің» басты себебі – сұраныс мен ұсыныс заңдылығының бұзылуынан туындап отыр. Қытай экспорты жаһандық сұраныстың әлсіреуі себебінен төрт ай бойы құлдырау құрығынан құтыла алар емес.
Деректерге назар аударсақ, АҚШ-қа өнім тасымалдау өткен жылдың тамызымен салыстырғанда 9,5%-ға, АСЕАН елдеріне – 13,25%-ға, Еуроодаққа – 19,6%-ға төмендеген.
Қазірде хансу саудасында қатерлі болжамынан да өткен сорақылықтар байқалып жатыр. Бұдан бұрын сарапшылар импорт көлемін 9%-ға төмендейді деп күткен еді, алайда аталмыш көрсеткіш 12,4%-ға бір-ақ жетті.
Мыс импорты 5%-ға, болат өнімдері 29,1%-ға, ет 4,6%-ға төмендеді. Ал мұнай сатып алу 30,9%-ға артып, мұнай өнімдері – 86,8%-ға, табиғи газ – 22,7%-ға өсті.
Қытай көршілес елдермен жүретін импорт көлеміне келгенде де тарықты. Жапония жақтан жүзеге асатын импорт 16,9%-ға, Оңтүстік Кореядан келетін көп дүние – 21,9%-ға, ЕО-дан жететін өнімдер – 5,7% – ға, АҚШ-тан асатын дүние – 7,9% – ға, АСЕАН елдерінен келетін өнім – 6,1% – ға төмендеді.
Осы жылдың сегіз айында Қытайды сан соқтырған құлдырау профициті 5 553,4 млрд болды. Сарапшылар экспорттың 5,6%-ға, импорттың 7,6%-ға төмендегенін айтады.