Қазақстан қор биржасының ақпараттық бағанында «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің қарапайым акциялар үшін 2022 жылға дивиденд төлеуді жүзеге асырғаны жайлы ақпарат жарияланды.
«2023 жылғы 8 қыркүйекте Холдинг 2022 жылдың қорытындысы бойынша 58 616 337 626 теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді жүзеге асырды», – делінген жарияланған құжатта.
2023 жылы холдингтің бір қарапайым акциясы үшін есептелген дивиденд мөлшері 36 теңге 92 тиын болды.
«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» – Қазақстан экономикасын әртараптандыру, инновацияларды қолдау, экспортты дамыту, еңбек өнімділігін ұлғайтуды қолдайтын, оны дамыту жөніндегі міндеттерді іске асыруды қамтамасыз ететін ұлттық институт.
Оның жалғыз акционері – Қаржы министрлігінің мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті.