Елдос Қоспаевтың ҰҚТ мүшелері сот шешімімен изоляторға қамалды

Жарияланды

Қаржылық мониторинг агенттігі бұған дейін халықаралық іздеуде болған ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері Елдос Қоспаев, Айдос Қоспаев, Айбек Қоспаев, Руслан Шалин, Оксана Кудряшова, Алексей Кузнецов, Ерлан Имашев ұсталып, сот шешімімен уақытша ұстау изоляторына қамалғаны туралы хабарлайды.

Еске салайық, қылмыстық топ күш пен қоқан-лоққы қолданып, кәсіпкерлердің мүлкін басып алу, сондай-ақ Алматы қаласы мен Алматы облысы аумағында көлеңкелі кәсіпкерлікті жүзеге асырды деген күдікке ілінген.

Рейдерлік тәркілеу және заңсыз әрекеттерге қатысы бар тұлғаларды анықтау бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге де мәліметтер жария етілуге жатпайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2023 жылғы 6 қыркүйекте жүзеге асырған операциясының қорытындысы бойынша Солтүстік Кипрден Қазақстанға Елдос Коспаев және ол бастаған қылмыстық топтың 7 мүшесі жеткізілді деп хабарладық.

Сондай-ақ оқыңыз