Қарабаев қатты кетті: Көлік министрі Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп көрмек

Жарияланды
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Жаңа құрылған Көлік министрілігінің басшысы, үкіметтегі ең жас министр Марат Қарабаев жол сапасы мен инфрақұрылым объектілерін тексеру үшін төрт облысты автокөлікпен жүріп өтеді. Бұл туралы министрдің баспасөз хатшысы Жанжігіт Омархан Facebook парақшасында жазды.

Жанжігіт Омарханның мәліметінше, Көлік министрі жұма күні Алматы облысына келген. Марат Қарабаев Шамалған станциясындағы айналма жолдың құрылысын және «Сарыөзек – Көктал» (45-68 км) автожолында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын тексереді.

«Министр «Қорғас» құрғақ портының жұмысымен танысып, «Алматы – Қорғас» автожолының сапасын бағамдап қайтуды жоспарлап отыр», деп жазды баспасөз хатшы.

Ал, демалыс күндері Марат Қарабаев Жетісу, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына барады.

Осылайша, Көлік министрі Алматы облысынан Өскеменге дейін автокөлікпен жүріп жол құрылыстарын, көлік объектілерін қайта жаңарту жұмыстарын, көлік қозғалысына арналған көпірлердің жай-күйін тексеруді жоспарлап отыр.

Сондай-ақ оқыңыз