Қазақстанның цифрлық эфирге көшу мерзімі ұзарды

Жарияланды
Фото: kursiv.media

Қазақстанның цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуға көшу мерзімі ұзарды. «Ашық НҚА» порталында жарияланған бұйрыққа сәйкес, цифрлық эфирге көшу 2025 жылғы 1 желтоқсанында аяқталады. Ал бұған дейін бұл жұмыстар 2024 жылдың желтоқсанына дейін аяқталуы тиіс болған.

Тиісті іс-шараларды жүзеге асыру мерзімінің өзгеруіне бірінші кезекте бағалар әсер еткен.

«Қазақстан Республикасында цифрлық эфирлік телерадио хабарларын таратуды енгізу және дамыту» жобасын одан әрі іске асыру белгілі бір себептермен мерзімдерді ұзартуды талап етеді. Мәселен, металдың құны едәуір жоғары болды, АЕК өзгерді, сәйкесінше құрылыс-монтаждау және іске қосу-баптау жұмыстарының құны өсті, валюта бағамы өсті, бұл теледидар таратқыштары, мультиплекстеу жабдықтары, маршрутизаторлар, антенна жүйелері және т. б. сияқты шетелдік өндірістің барлық технологиялық жабдықтарының қымбаттауына әкелді. Сатып алу және қажетті технологиялық жабдықты өндіру кем дегенде 120 күнді алады», делінген құжатта.

Бұл фактілер жобалау сметалық құжаттамасының өзгеруіне алып келген. Сондай-ақ, іске асыру мерзімін ұзаруына жобаны «Қазтелерадио» АҚ өз қаражаты есебінен аяқтайтыны да себеп болған. Осыған байланысты қазіргі уақытта қаржылық-экономикалық негіздемені түзету және бекіту бойыша жұмыстар жүргізіліп, жаңа жобалық сметалық құжаттама дайындалып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыз