Қазақстанның жаңа туристік картасына 102 нысан енгізілді

Жарияланды
Фото: kursiv.media

«Туристендіру картасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2021 жылғы 27 қазандағы № 332 бұйрығына өзгеріс енгізіледі.

Құжатта бектілген туристендіру картасына 102 түрлі туристік нысан мен аймақ енген. Оның ішінде республикалық деңгейдегі 33 туристік аумақ пен нысан бар.

Республикалық деңгейдегі туристік аумақ тізіміне Алматы, Астана, Түркістан қалалары енген. Сонымен бірге бұл тізімге Көлсай-көлдері, Тарбағатай, Іле-Алатау, Шарын, Қатон-Қарағай, Алтын-Емел, Жоңғар-Алатауы, Сайрам-Өгем және т.б. мемлекеттік ұлттық табиғи парктері кірген.

Туристік маңызы бар орындар санатында Ортағасырлық Сарайшық кешені, Отырар қалашығы, Көне-Тараз кешені, Ордабасы, Таңбалы, Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени қорықтары да бар.

Капий теңізінің жағалауы, Алакөл, Балқаш, Ханқожа көлдері, Индер тұзды көлі, Бұқтырма, Қапшағай су қоймасы да туристік картаға енген. Сонымен қатар Қожа Ахмет Яссауи, Айша бибі, Қарахан, Домалақ ана кесенесі секілді тағы да басқа киелі орындар да туристерді қызықтыратын маңызды нысан ретінде танылған.

Бекітілген картада еліміздің әр өңіріндегі курорттық аймақтар мен санаторийлер, көлдер мен таулар, шатқалдар, құмдар, үңгірлер мен ашық аспан астындағы музейлер де бар.

Еске сала кетсек, 2023 жылдың алғашқы тоқсанында Қазақстанға келген шетелдік туристер саны 2,3 есе артқан.

«Былтыр елімізге 1 миллионға жуық шетелдік турист келді. Биыл бұл көрсеткіш 1,4 миллионға дейін өседі деп күтілуде. Бұл шетелдік қонақтардың Қазақстанға туристік бағыт ретінде қызығушылығының артып келе жатқанын көрсетеді. Мәселен, жаз басталғалы Қазақстанға келген шетелдіктер саны 3 есе артты», деді ҚР МСМ Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Дастан Рыспеков.

Сондай-ақ оқыңыз