Жыл сайын елімізде кем дегенде 2 террористік шабуыл жоспарланып жасалады – ҰҚК
Фото: архив kursiv.media
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Сейсембаев жыл сайын елімізде кем дегенде 2 террористік шабуыл жоспарланып жасалады деп мәлімдеді. Тіпті террористер Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесін жармақ болған, деп жазады kursiv.media тілшісі.
«Биыл Түркістандағы Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде қолдан жасалған жарылғыш құрылғыны жару әрекеті, сондай-ақ Астанада жаппай жиналған жерлерде қарулы шабуыл жасау әрекеттерге жол берілмеді», – деді Руслан Сейсембаев ШЫҰ Аймақтық терроризмге қарсы құрылымының кеңесінде.
Руслан Сейсембаев ҰҚК-ға түскен ақпараттан ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер үшін терроризм қаупі барын, оған бірқатар фактор әсер етеді деп қорытынды жасауға болатынын жеткізді.
«Сарапшылардың айтуынша, соңғы 3 жылда ШЫҰ мемлекеттерінде кем дегенде қоғамда резонанс тудыратын 80 шабуыл жасалған. Тіпті, биыл олардың саны күрт өскен. 2022 жылы 18 (лаңкестік шабуыл) болса, 2023 жылы олардың саны 47-ге артқан. Террористердің қолынан 400-ден аса бейбіт адам көз жұмып, 940-қа жуық адам жарақат алған. Күш құрылымдары мен құқық қорғау органдарының араласуына жол бермес үшін терроризмге қарсы 300-ден аса операция жүргізілді. 1 600 террорист пен олардың көмекшілері ұсталды. Билікке қарсылық көрсеткен 60-қа жуық қылмыскердің көзі жойылды», – деді ҰҚК төрағасының орынбасары.
Оның айутынша, Ауғанстанның лаңкестік әлеуеті әлі де жоғары.
«2021 жылы Ауғанстанда билікке келген «Талибан» қозғалысы (Қазақстанда тыйым салынған) мемлекеттік басқарудың тиімді жүйесін құрып, қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмады. Аталған мемлекет халықаралық террористік топтар үшін негізгі орталық болып қала береді», – деді ол.
Руслан Сейсембаев Ауғанстанда болған 50-ге жуық лаңкестік шабуылдан 350-ден аса адамның өмірі қиылды, одан бөлек 700-ден астам адам жараланғанын мысалға келтірді. Тіпті, онда террирористік ұйымдар жұмысын жандандырған.
«Вилаят Хорасан» Ислам мемлекеті халықаралық террористік ұйымы (Қазақстанда тыйым салынған) әлеуетінің артуы зор қауіп төндіреді. Осы уақыт ішінде олардың саны 500-ден 6 мыңға дейін өскен
«Вилаят Хорасан» Ресей мен Пәкістанның дипломатиялық миссияларына шабуыл жасады. Кабул қонақ үйінде Қытай азаматтары атылды. Үкіметтік емес ұйым басшылары тек АҚШ-қа ғана емес, Қытайға, Ресейге және Пәкістанға да жиһад жасауға шақырады», – деді ҰҚК- төрағасының орынбасары.