Жаңалықтар

TikTok -та құмар ойын өткізіп, 19 млн табыс тапқан 4 азамат 4 жылға сотталды

Коллаж: kursiv.media

Алматыда TikTok-та онлайн бәс тігу арқылы құмар ойындар ұйымдастырған 4 азамат 4 жылға сотталды. Бұл туралы ҚМА баспасөз қызметі хабарлайды.

Олар заңсыз ойын бизнесі саласында 19 млн теңгеден астам аса ірі мөлшерде табыс тапқан.

Бұған дейін ҚМА Алматы қаласы бойынша Департаменті әлеуметтік желіде құмар ойын ұйымдастырғандарды құрықтаған болатын. Тергеу барысында азаматтардың 4 ай ішінде 13 млн теңге табыс әкелген ірі стрим жасағаны дәлелденді.

Аталған екі азамат кінәлі деп танылып, 1,5 жылға бас бостандығын шектеуге үкім шығарылған.

Қазақстанда әлеуметтік желілерде құмар ойындарды ұйымдастыру заңсыз және ҚР «Ойын бизнесі туралы» заңының нормаларына қайшы келеді.

Жыл басынан бері TikTok желісінде құмар ойындарын ұйымдастырған 177 стример анықталып, 10 ұйымдастырушыға қатысты бес қылмыстық іс тіркеліп, соның үшеуіне үкім шығарылған.

Ал 2019 жылдан бері заңсыз ойын бизнесін ұйымдастыру фактісі бойынша өндірісте 1 148 іс қаралып, оның ішінде 849 адамға қатысты 940 іс аяқталған

Сонымен қатар заңсыз жүмыс жасаған «1WIN» халықаралық онлайн-казиносының қызметін тоқтатқан болатын.