Қазақстан, Ресей және Беларусь жемқорлық жайлаған елдер қатарында

Жарияланды (жаңартылды )
Фото: архив kursiv.media

Қазақстан US News 2023 рейтиңінде 87 мемлекеттің арасында 75-інші орында тұр. Ең соңғы орында Ресей. ТМД елдерінің арасында жемқорлық жайлаған елдер ретінде Қазақстаның көрсеткіші Ресей(87) мен Беларусьтан (80) ғана тәуір. Ал, Өзбекстан – 68, Әзірбайжан -62, Украина 48-інші орындарға жайғасыпты.

Тізімнің басындағы Швейцария, Канада, Швеция, Австралия мен Нидерланды елдерінде жемқорлық жоқ деп саналады.

Рейтинг азаматтардан сауалнама алу арқылы жасалған, 10 негізгі категория бойынша 73 негізгі критерийге назар аударылған.

Finprom сайтының мәліметінше Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде 1,2 мың жемқорлық қылмыс тіркелген, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 17,7%-ға төмен. Олардың 855-і ауыр қылмыс, 283 орташа, 43 – аса ауыр, 41 – ауыр емес қылмыстарға жатады.

Өткен жылы пара беру бойынша 417 қылмыс тіркелсе, биыл 460. Екінші және үшінші орында пара алу (320 жағдай) және жемқорлық алаяқтық (141 жағдай).

Сонымен қатар лауазымын асыра пайдалану, бөтеннің сеніп тапсырылған мүлкін иемдену мен шығындау, пара алуда делдалдық жасау және билігі мен құзметтік өкілетін асыра пайдалану да кең таралған.

Қаңтар–тамыз қорытындысы бойынша, сотқа сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықтарды жасады деп айыпталған 567 адам жіберілді, бұл былтырғы қаңтар–тамыздағы көрсеткіштен 0,2% жоғары. Күдікті деп қаулы шығарылған тұлғалар саны 940, 748 адамның қылмыс жасағаны анықталған.

Сотқа тартылғандардың ішінде айыпталушылардың 20,8%-ы ішкі істер органдарының қызметкерлері: 118 адам, бір жылда 21,6% көбейген.

Одан кейінгі орында әкімдіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері (101 адам), сондай-ақ Қаржы министрлігінің қызметкерлері (31 адам) бар.

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1 қызметкері бар, былтыр 7 адам болған.

Сондай-ақ оқыңыз