АҚШ Румынияда қосымша жауынгерлік ұшақтарды орналастыруға ниетті

Жарияланды


АҚШ Румыния аумағына НАТО миссиясы үшін әуе кеңістігін қорғау мақсатымен F-16 орналастырады.

АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен Румынияның Сыртқы істер министрі АҚШ НАТО-ның Румыниядағы әуе кеңістігін қорғауды күшейту үшін қосымша F-16 жауынгерлің ұшақтарын орналастыру туралы талқалады. Бұл туралы Мемлекеттік департаменттің өкілі Мэттью Миллер айтты.

Мемлекеттік Департаменттің сайтында жарияланған мәлімдемеде: «талқылау барысында елдің әуе кеңістігінің қауіпсіздігін сақтау саласындағы одан әрі ынтымақтастық мәселелері, соның ішінде НАТО-ның Румыниядағы әуе кеңістігін қорғау миссиясын күшейту үшін қосымша американдық F-16 жауынгерлік ұшағының ротациясы талқыланды» делінген.

«АҚШ-тың Мемлекеттік хатшы Блинкен біздің НАТО – дағы одақтасымыз Румынияға деген тұрақты қолдауымызды растады», – деп қосты Вашингтон өкілі.

АҚШ-тың Румыниядағы елшісі Кэтлин Кавалектың айтуынша, жауынгерлік ұшақтардың қосымша санын орналастыру Румынияның Ұлттық аумағын тиімдірек қорғауға бағытталады.

Сондай-ақ оқыңыз