Елордада автотұрақ үшін төлем онлайн режимінде болады
Елордада автотұрақ үшін төлем онлайн режимінде болады. Бұл туралы Астана тұрақ кеңістігі баспасөз қызметі хабарлады.
«Астананың көлік тұрағы кеңістігі» ЖШС-ң баспасөз қызметі ұсынған
ақпаратқа сәйкес, автокөлік иелерінің 99%-ы тұрақ ақысын мобильді
қосымшалардың көмегімен төлейді. Сонда транзакцияның тек 1%-ы
паркоматтарға тиесілі болады.
Заманауи төлем әдістерін қолданудың күннен күнге артуымен паркоматтар
автокөлік иелері арасында танымалдылығын жоғалтты. Осыған байланысты көше
паркоматтарын демонтаждау туралы шешім қабылданды. Мердігер жыл соңына
дейін жұмысты аяқтауға уәде береді және барлық шығындарды өз мойнына
алады. Сондай-ақ, компания тұрақ ақысын төлеудің балама тәсілдеріне
astanapark.kz сайтындағы жеке кабинет, терминалдар және «Касса24» сайты
жататынын еске салады.
«Ерекше қажеттіліктері бар адамдар мен азаматтардың жеңілдетілген
санаттары үшін автотұрақ тегін. 2023 жылдың 1 қазанынан бастап демалыс
және мереке күндері автотұрақтар ақылы болады, бұл көшелердің өткізу
қабілетін тұрақты түрде арттырады. Сондай-ақ, қазіргі уақытта ақылы
автотұрақ шекарасындағы жақын маңдағы үйлердің тұрғындары үшін тегін
тұрақ жасау туралы ұсыныс қарастырылуда.Ақылы автотұрақтар
ұйымдастырылған үйлердің тұрғындары оларды енді тегін пайдалана
алады»,—дейді «Астананың көлік тұрақ кеңістігі» ЖШС компаниясы.
Алғашқы ақылы автотұрақтар елордада 2018 жылдың қаңтарында іске қосылды.
Ақылы тұрақ орындары Астананың меншігіне тиесілі. Ақылы тұрақ жобасының
негізгі міндеті көше-жол желілерінде көлік қазғалысын азайтуды қамтамасыз ету
болып табылады.
Көлік тұрағына ақы төлеу ережелері, жеңілдіктері, әдістері туралы қосымша
ақпарат, сондай-ақ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар astanapark.kz сайтында
орналастырылған.