Көлік министрлігі «Талдықорған – Үшарал» және «Үшарал – Достық» автожолдарын қайта жаңарту барысымен танысты
Марат Қарабаев «Талдықорған – Үшарал» және «Үшарал – Достық» автожолдарын қайта жаңарту барысымен танысты. Облыстағы автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 3 979 км құрайды. Бұл туралы ҚР Көлік министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыс орталығынан Үшаралға дейінгі жол «Талдықорған – Қалбатау – Өскемен» автожолын қайта жаңғырту жобасы аясында жүріп жатыр. Биыл жол жүруді толық қамтамасыз ету жоспарланған.
«Үшарал-Достық» (90-180 км) 90 км учаскесін қайта жаңғырту жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба 2 учаскеге бөлінген, екеуінде де жұмыстар 90%-дан астам орындалған.
Айта кетерлігі, Ырғайты өзені арқылы өтетін көпірдің монолитті бөлшектері орнатылған. Көпір бұл жердің табиғи ерекшеліктеріне, ауа райына, атап айтқанда жел екпінінің жоғарылығын ескеріп, барлық техникалық нормативті сақтай отырып салынып жатыр.
Сондай-ақ, Көлік министрі Шамалған станциясының айналма жолы құрылысын жылдың соңына дейін аяқтауды тапсырды.