Ким Чен Ын алдағы күндері Ресейге ресми сапармен барады

Жарияланды

Солтүстік Корея көшбасшысы Ким Чен Ын Ресейге ресми сапармен барады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.

«Владимир Путиннің шақыруымен Корея Халықтық Демократиялық Республикасының Мемлекеттік істерінің төрағасы Ким Чен Ын алдағы күндері Ресей Федерациясына ресми сапармен келеді», – делінген хабарламада.

Солтүстік Корея басшысының сапары 13 қыркүйекке жоспарланды.

Сондай-ақ оқыңыз