Қазақстандықтар жайлы мектептердің құрылыс жобасын талқылауға атсалыса алады

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ 2023 жылдың 11-17 қыркүйегі аралығында қазақстандықтарды жайлы мектептердің жобаларын талқылауға атсалысуға шақырады. Компания мектеп құрысына қатысты сәулеттік және дизайнерлік шешімдерінің жалпыхалықтық талқылауын жариялайтынын мәлімдеді.

Нақты айтқанда, компания оқушылар, ата-аналар, педагогтар және білім процесіне жанашыр барша азаматтарға көңіл аударып, ауқымды ұлттық жоба аясында өз пікірлерін ашық білдіруге мүмкіндік бермек.

Мектеп құрылысын жайлы етіп құруды көздеген қатысушылар оқу ордасының ішкі және сыртқы безендірілуіне, архитектурасына, құрылыс құрамына үн қоса алады.

Орайы келгенде айта кетейік, 2023-2025 жылдар аралығында ел бойынша жаңа форматтағы заман талабына сай 369 мектеп салынып, 738 мыңға жуық оқушы орны ашылады. Ұлттық жоба аясында жоспарланған 369 мектептің 359-ына Samruk-Kazyna Construction құрылысына жауапты. Қалған 10 мектепті жергілікті атқарушы органдар салады.

Осылайша, компания барлық мектептерді біркелкі жабдықтап, сапалы білім мен жайлы жағдайдың қала және ауыл оқушыларына бірдей болуын қамтамасыз етпек.

Еске салайық, компания «метеп салу мәнеріне» қатысты қазақстандықтардың сын-ескертпесі мен ұсыныстарын 17 қыркүйекке дейін қабылдап, жан-жақты қарастыруды көздеп отыр. Кейіннен жайлы мектептердің жобалық-сметалық құжаттамасын мемлекеттік сараптамаға жіберу жоспарланған.

Компанияның көрсетуінше, бүгінде 182 жайлы мектеп бойынша мердігерлермен (консорциум жетекшілерімен) БНАЖ-келісімшарттарға қол қойылды.

Түскен шағымдарға байланысты қол қою процесі 12 мектеп бойынша кейінге шегерілді.

Келешекте 4 жайлы мектептің мердігерлері арнайы әдіспен анықталады. Ал 10 мектеп бойынша конкурстар қайта жарияланды, олардың қорытындысы қыркүйек айының соңына дейін шығарылмақ.

Сондай-ақ оқыңыз