ЕЭК кеңесі ЕАЭО аумағына жеке тұлғалардың тауарды бажсыз әкелу шегін қайта нақтыламақ

Жарияланды
Фото: архив kursiv.media

Еуразиялық экономикалық кеңесі 27 қыркүйек күнгі отырыста жеке тұлғаларға арналған тауарларды бажсыз әкелу шегіне қатысты мәселені қарауды жоспарлап отыр, деп хабарлады РФ вице-премьері Алексей Оверчук.

Министр орынбасары, сонымен қатар, қазіргі уақытта жеке тұлғаларға арналған тауар жеткізу шегі 1000 еуродан жоғары екенін еске салды. Бұған қатысты Шығыс экономикалық форумының аясында сұрақ қойған журналистерге:

«1 қазанға дейін бұл мәселені не бүк не шік қылу қажет. Бізде кеңестің (Еуразиялық экономикалық комиссия) отырысы 27 қыркүйекте өтеді. 27 қыркүйекте бұл мәселе нақты қаралуы тиіс», –  деді Алексей Оверчук.

Сонымен қатар, ол Ресейдің бұл мәселеге қатысты ұстанымына әзірге нақтыланып жатқанын айта келіп:  

«Ол жерде қандай шешім қабылданатыны тікелей бес елге байланысты. Бұған қатысты әр түрлі пікір бар. Шекті 200 (еуро, бажсыз әкелуге арналған тауарлардың құны) қылуды ұсынған елдер бар. Бірақ бұл сөз Ресейдіен шыққан жоқ», – деді ол.

Еске сала кетейік, 2022 жылғы наурызда ЕЭК кеңесі интернет-сауда шеңберінде жеке тұлғалар сатып алатын тауарларды бажсыз әкелу лимитін 200 еуродан 1 мың еуроға дейін арттырды (ал сәлемдеменің шектік салмағы 31 кг деңгейінде қалды). Салмақ немесе құн нормасы асып кеткен жағдайда баж тапсырыс құнының 15%-ына тең шықты, бірақ межеден артық шыққан жағдайда 1 кг үшін 2 евродан кем төленбейтіні айтылды.

Кейіннен, сәуірде, ЕЭК жеке тұлғалардың Ресейге, Беларуське, Қазақстанға және Қырғызстанға өз тауарларын бажсыз әкелу шегін 500 еуродан 1 мыңға дейін өсірді (баж төлемей жеткізілетін тауардың ең жоғары салмағы 25 кг-нан 31 кг-ға дейін ұлғайтылды). Жалпы айтқанда, біз айтып отырған ережелердің багажды әуе көлігінен басқа барлық көлік түрлерімен әкелу немесе оны жаяу жеткізуге қатысты бар. Егер тауарлардың құны немесе салмағы көрсетілген нормалардан асып кетсе, құнның 30% мөлшерінде баж жүреді, бірақ оның 1 кг үшін 4 евродан кем болмайды.

Тауарды бажсыз әкелу шегін көтеру жөніндегі қос шара өткен жылдың 1 қазанында аяқталды.  Алайда күзде тағы алты айға ұзартылып, 2023 жылдың 1 сәуіріне дейін өз күшінде қалды. Кейін тағы 2023 жылдың 1 қазанына дейін ұзартылды.

Сондай-ақ оқыңыз