Жаңалықтар

Германиядағы рецессия еуроаймақтағы экономикалық өсімді тежейді

Фото: kursiv.media

Еуропалық комиссия Германиядағы рецессияға байланысты еуроаймақтағы өсу болжамын төмендетті.

Еуроаймақ экономикасы биыл және келесі жылы сарапшылар болжаған көрсеткіштерге жете алмайды. Еуропалық комиссия экономикалық өсімнің болжамы өздері күткен деңгейге көтерілмейтінін мәлімдеді. Оған тұтынушылық сұраныстың жоғары инфляциядан зардап шегуі себеп және блоктың ең ірі экономикасы Германия биыл рецессияға түседі.

Комиссия еуроаймақтың бес ірі экономикасының жалпы ішкі өнімі мен инфляцияға қатысты аралық болжамы бойынша 2023 жылы ЖІӨ 0,8%-ға, 2024 жылы 1,3% өсетіні айтылған. Ал мамыр айында 2023 жылы ЖІӨ 1,1%-ға ал 2024 жылы 1,6%-ға өседі деп болжанған.

Комиссия болжамынша еуроаймақтағы тұтынушылық инфляция 2023 жылы 5,6%, 2024 жылы 2,9% деңгейінде болады. Бұл көрсеткіш те Еуропалық Орталық банктің 2%-дық болжамынан әлдеқайда жоғары. 2023 жылға арналған инфляциялық күтулер мамырдағы көрсеткіштен әлдеқайда төмен. Ол кездегі болжам бойынша инфляция 5,8% деңгейінде күтілген.