Ливияда су тасқыны кезінде үш мыңнан астам адам қайтыс болды
Халықаралық Қызыл Крест және Қызыл Жарты Ай қоғамдары федерациясы (IFRC) Ливиядағы су тасқыны салдарынан хабар-ошарсыз кеткендердің саны 10 мың адамға дейін өскенін хабарлады. Бұл туалы Анадолу сайты мәлімдеді.
Ливиядағы IFRC делегациясының басшысы онлайн режимінде БҰҰ Женева филиалының апта сайынғы баспасөз конференциясына қосылып, Ливиядағы су тасқыны жағдайы туралы айтты.
Ол елдің шығысындағы су тасқынынан көптеген адамдар зардап шеккенін атап өтті.
Ливиядағы IFRC делегациясының басшысының айтуынша, су тасқыны салдарынан елімізде хабар-ошарсыз кеткендердің саны 10 мың адамға дейін өскенін айтты. Оның айтуынша, бұл ақпарат тәуелсіз көздерден алынған.
Ливия ұлттық бірлік үкіметінің Премьер-министрі Абдул хамид Дибебе елде үш күндік аза тұту жарияланғанын хабарлады.