Жаңалықтар

Президент Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялауды тапсырды

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада отандық бизнес өкілдерімен кездесуі өткізді.Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасын трансформациялауды тапсырды,

«Қорыта келе, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы қызметіне қатысты мәселелерге арнайы тоқталғым келеді. Оның негізгі міндеті – бизнес пен мемлекет арасындағы тиімді диалогтың негізгі өзегі болу. Палатаны трансформациялау, оны корпоративтік басқару сапасын айтарлықтай арттыру қажет. Палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толық жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілететін ұйым болуға тиіс», – деп түйіндеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы палатаны трансформациялау, оны корпоративтік басқару сапасын айтарлықтай арттыру қажет екенін жеткізді. Президенттің айтуынша, палата кәсіпкерлердің ортақ пікірін толық жеткізіп, әлеуметтік-экономикалық реформаларды ілгерілететін ұйым болуы тиіс деп атап өтті.

Жиында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров, Бас прокурор Берік Асылов, «Атамекен» ҰКП төралқасының төрағасы Райымбек Баталов, Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкіл Рустам Жүрсінов, «Риддер тау-кен шахта жабдығы зауыты» ЖШС құрылтайшысы Андрей Печенин, «Қайып ата» ЖШС бас директоры Сырым Ертаев, «Kazdream» IT холдингінің негізін қалаушы және басшысы Дәурен Төлебаев, «Orient Finance Group» ЖШС акционері Руслан Шаекин сөз сөйледі.